Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
6 маусым күні Алматы әкімдігі қалада ұйымдастырылған митингіні заңсыз деп таныған болатын. Президент кеңесшісі Ерлан Қарин осы мәселеге байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы жаңа заңға мамырдың 25 күні қол қойылып, өз күшіне дәл бүгін – 6 маусымда еніп жатыр. Оның үстіне, бүгінгі митингіге алғаш рет үндеп шақырғанда, бұл заң сол кезде парламентте әлі талқыланып жатқан болатын.
Яғни, бүгінгі акцияларды ұйымдастырушылар осы митингіні жаңа заңға сәйкес: бес күн бұрын жергілікті билік органдарына алдын ала хабарлама жіберіп, өткізуге барлық мүмкіндіктері болды. Алайда, өкінішке орай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты. Бұл біріншіден.
Екіншіден, құқықтық нормалардан басқа төтенше жағдай аяқталғанымен, карантиннің біршама шектеулері әлі де сақталынуда, ол Сіздерге белгілі. Санитарлық қызмет өкілдері көпшілік жиналатын шаралардан басқа, тіпті отбасылық шаралардан бас тарта тұруға қайта қайта үндеуде. Осындай жағдайда басқа азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігімен санаспай осындай шараны өткізу қай жағынан қарасаңыз да дұрыс болмады", – деп түсіндірді президент кеңесшісі Фейсбуктегі парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазігі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, қазақстандықтарға жаппай іс-шаралар мен митингілерге шақыруға болмайтынын ескерткен болатын.