Шөкеев: «Түркістанда 3 кооперативтің біреуі экс-премьер Терещенкоға тиесілі»

Oinet.kz 26-05-2020 1535

Бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің көктемгі егістік жұмыстары туралы айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg 

- Түркістан облысында 857 200 егістік алқап бар. Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды десе болады (92%). Тек су шайып кеткен Мақтаарал ауданындағы егісті қайтадан егіп жатырмыз. Жалпы, тыңайтқышты субсидиялау толықтай аяқталды. Тұқым жетеді. Енді негізгі мәселе - егісті әртараптандыру. Дәстүрлі біздің дақылдарымыз - мақта мен масақты азайтып, орнына көкөніс, мал азығы, майлы дақылдарды көбейту. Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін жаңа технологияларды көбейтуіміз керек, - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысының айтуынша, екінші біріктірілген кооператив "SPK-SAURAN" деп аталады.

- Жалпы, былтырғы күздік бидай 60 центнерді көрсетіп тұр. Осы бір-екі аптаның ішінде жүгеріні егуге дайындалып жатыр. Соның арқасында ол жерге сүт-тауарлық фирмасын құрып, италиялық технологиямен құны 3,5 млрд теңге болатын "1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы" жобасы азықпен қамтамасыз ететін болады. Оның жанында "SPK-SAURAN" дейтін кооператив бірікті. Сөйтіп, 650 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру іске асып жатыр. Алынатын жем-шөп қоры аустралиялық технологиямен "10 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын" азықпен қамтамасыз ететін болады, - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, үшінші кооперативтің иесі кезінде Қазақстанның премьер-министрі болған Сергей Терещенкоға тиесілі.

- Ал үшіншісі, "Ынтымақ агро" кооперативі. 782 гектар жерді алып отыр. Өздеріңіз білесіздер, Сергей Терещенконың күркетауық өсіретін компаниясы бар. Сол енді тауық етін өндіретін фабрика салып, күркетауықтарды азықпен қамтамасыз етуге кірісіп жатыр, - дейді Түркістан облысының басшысы.

Бердібек Сапарбаевқа Тараз қаласының әкімі тағы ұнамай қалды
Бір түйенің бағасы 1 миллион теңгеден асып кетті – Шөкеев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу