Мемлекет басшысы Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмектесуді тапсырды

Oinet.kz 02-05-2020 1168

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмектесуді тапсырды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-де жазды. 

«Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысы Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым», – деді Мемлекет басшысы.

«Мемлекетті тіл туралы» Заңды бұзғандар 50 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Тоқаев қызметінен кеткен Дариға Назарбаеваға ризашылығын білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу