Дариға Назарбаева: «Цифрлық Қазақстанның» беті ашылды»

Oinet.kz 06-04-2020 1431

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Дариға Назарбаева "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын қайта қарау керектігін айтты деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 Screenshot_9.jpg

- "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шұғыл қайта қарау керек. Дағдарыс кезеңі мәселенің бетін ашты. Нағыз сын кезінде мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен электронды қызметтерде проблемалар қордаланып тұрғаны көрінді. Мұны мойындауымыз керек, - деді Дариға Назарбаева.  

Ол бұл мәселені депутаттар бірнеше мәрте көтергенін, мемлекеттік бюрократияның цифрландыру, басқару жүйесін жеделдетіп жүргізуге, ел экономикасындағы проблемаларды шешуге мүдделі еместігін айтты. 

- Енді біз бұдан әрі күте алмайтынымызды көріп отырмыз, әрекет ету керек. Бүгінгі күнде әлемдік экономикадағы жағдай өзгерді. Сондықтан мемлекеттік саясатта жаңа басымдықтарды қажет етеді, - деді Сенат спикері.

Сонымен бірге ол президенттің ел азаматтарына, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі нұсқаулары тек төтенше жағдайды ғана емес, дағдарыстан шығудың барлық кезеңін қамтитынын атап өтті.  

- Қазір ең бастысы - осы маңызды шараларды жүзеге асыру және олардың нақты әрі тиімді орындалуын қамтамасыз ету.Өкінішке қарай сол міндеттердің жергілікті жерде орындалуы – өте көп сұрақты туындатып жатыр, - деді Назарбаева.

Бекеттен өткізу үшін 60 мың теңге алмақ болған әкімдік қызметкерлері ұсталды (видео)
Елімізде 1000-нан аса жағдай тіркелді: Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу