Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
9 сәуірде таңертең желіде Алматыдағы бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері пара алғаны үшін ұсталды деген хабарлама тарап отыр деп хабарлайды Zhasalash.kz
Фото Казинформ
Хабарламада:
«Водник № 11 блогында: Алматы қаласы бойынша ҰҚ қызметкерлері сағат 17.50 шамасында Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері Аденов Қуаныш (кәсіпкерлік бөлімі) және Оразбеков Сұлтан (мемлекеттік заң бөлімі) Алматы облысына шығу үшін 60 000 теңге көлемінде пара алып жатқаны үшін ұсталды. ҰҚ қызметкерлерінің айтуынша, бұл адамдар екі апта бұрын назарға ілінген»,-делінген.
Арнайы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетовтен осы ақпаратқа түсініктеме беру сұралды.
Өз кезегінде Расул Медетов «Қазіргі уақытта бұл факт бойынша түсініктеме бере алмаймыз, өйткені оған тыйым салатын Қылмыстық іс жүргізу заңының кейбір нормалары бар», - деді.
Жалпы, карантин режимі енгізілгелі бері, Алматыда және Алматы маңында блок бекеттерден өту үшін "келісуге" болатыны жайлы қазір әлеуметтік желілерде де, көпшіліктің арасында да жиі айтылып жүр. Бло-бекеттердегі заң бұзушылықтарды жекелеген адамдар да ұялы телефондарына түсіріп алып әлеуметтік желілерге де ашық жариялап та жүр. Бірақ бекеттердегі берекетсіздік әлі де бой көрсетіп қалады.