Болат Назарбаев коронавирсуқа қарсы күреске 150 млн теңге бөлді
20 наурыздағы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін Covid-19 вирусымен күресу үшін кәсіпкерлер қорға ақша аударып жатыр. Олардың арасында Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры да бар. Болат Әбішұлының қоры індетке қарсы күреске 150 млн теңге аударды деп хабарлайды Baq.kz.
Елбасының үндеуі қоғамның барлық өкіліне әсер етті. Біз барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді Елбасының халыққа жолдауында көрсеткен әрбір тармағына қол жеткізу үшін жұмсаймыз, - деді аталған қордың жетекшісі Қасым Қасабеков.
"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры 2016 жылдың сәуір айында құрылған. Қордың негізгі бағыты – "Берекелі үй" деген атаумен жетім балаларды және тұрмысы нашар отбасыдан шыққан балаларды тұрғын үймен (пансионатпен) қамтамасыз ету, сонымен қатар көп балалы отбасыларды азық-түлік, қажетті заттармен қамтамасыз ету, емдеу және білім беру бағдарламаларымен айналысады. Орталық 50 орынға есептелген.