Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Елдегі сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін және азаматтардың парасаттылық әлеуетін бағалау» тақырыбында қоғамдық пікірді сұрастыру арқылы әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Зерттеуге Қазақстанның 17 аймағынан 18 жастан асқан 58336 қазақстандық қатысқан. Сондай-ақ, сұралған респонденттерден сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру тақырыбында 25 363 пікір, тілек пен ұсыныс алынған, сондай-ақ сұралғандар қолданыстағы сыбайлас жемқорлық жағдайына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа деген өз көзқарасын білдірген. Зерттеудің нәтижелері мен негізгі қорытындыларына қарағанда, елдегі сыбайлас жемқорлықты қабылдауды бағалаудың орташа ұпайы мүмкін болатын 10 ұпайдың 5,25 ұпайын құрайды. Оңтүстік және батыс өңірлерінің: Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы тұрғындары өз өңірлерінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі жоғары деп санайды. Солтүстік және батыс өңірлерінің: Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары өңірлерінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмен деп есептейді. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (53%) соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдай жақсарды деп санайды. Ал азаматтардың жартысынан көбі (63,3%) соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің күшейгенін байқаған.
Жалпы сауалнамада соңғы жылдары жемқорлықпен күрестің күшейгенін айтуы да тегін емес шығар. Соңғы жылдары антикоррупциялық органға Алик Шпекбаевтың жетекшілік ететіні мәлім.
Айтпақшы, сұралғандардың көпшілігі (63,2%) сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар бойынша жазалаудың әділдігіне күмәнданатынын білдіріпті.