Тоқаев қазақстандықтардың 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруді тапсырды. Бұл туралы ол Твиттердегі парақшасында хабарлады.
"ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады", - деп жазды Тоқаев.