Өрттен зардап шеккен елордалықтарға Қытай елшілігі жәрдем берді

Oinet.kz 10-03-2020 1696

Аспан асты елінің Қазақстандағы елшілігі «Көктал-2» тұрғын үй кешенінде өрттен зардап шеккендерге көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

ace6f39180cb71a824c322137a45b8f1.jpg

Елорданың "Көктал-2" тұрғын үй кешенінде 9 наурыз күні болған өртті естіген Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінің дипломаттары көмек көрсету мақсатында оқиға орнына барды. 

Дипломаттар өрттен зардап шеккендерге ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның атынан демеу сөздерін жеткізді. Материалдық көмек ретінде жалпы сомасы 4 млн теңге болатын 30 плед жеткізді. Сонымен қатар, зардап шеккендердің сауығып кетуі мен үйлерінің қалпына келтіруін тіледі.

eff2af82a14d9f484293e8b51b5b6284.jpg

Қиын жағдайда қалған елордалық тұрғындар елшілікке алғысын білдіріп, алғаш болып көмек көрсеткендері үшін ризашылығын жеткізді.

ҚХР елшілігі алдағы уақытта да гуманитарлық көмек көрсететінін атап өтті.

Зейнеп Ахметова: «Алды кебежедей, арты тегенедей болып шалбар киетін бәйбішелерді қайтерсің»
Қайратты әйелі Жәния Джуринскаядан қызғанатыны рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу