Қайратты әйелі Жәния Джуринскаядан қызғанатыны рас па?
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың әйелі оны түсірілім алаңындағы әріптестерінен қызғанатыны жайлы қауесеттерге жауап берді. Жұлдыз Әбдікәрімова жұлдызды күйеуімен қос ғашықты сомдайтын актрисалар жайлы бар ойын ортаға салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова әнші жолдасына деген қызғанышына қатысты бар шындықты айтты. Он жыл бойы жұрттан жасырынып келген хитменнің келіншегі өзінен әлдеқайда жас актрисалар жайлы көзқарасын жеткізді. Төрт баланың анасы кезінде Қайрат Нұртасты Жәния Джуринскаядан қызғанғанын мойындады. Қос жұлдыз "Өкініш" фильмінде махаббат сахналарына бірге түскен.
- "Қазір ол қызғаныш мүлдем жоқ десем болады. Ол кездің өзінде де аса ішім күйіп қызғанған жоқпын. Себебі, Қайрат маған ешқандай себеп бермейді. Бір алдағанын естіп көрген жоқпын. Сенемін оған толықтай. Ал бейнебаяндарға түсетін сұлу әрі жас қыздар жайлы айтатын болсам. Мен де сұлумын, оны өзім білемін. Мен оның қасындағы әріптестерін қатты бағалаймын. Олардың өнерін сыйлаймын. Тек қана әріптес ретінде қабылдаймын. Басқаша мүмкін емес. Оларды бір күндік, бір сағаттық актрисалар деп қабылдаймын. Бұл мен үшін аса қызғанатындай жағдай емес" , - деп ағынан жарылды әншінің жары.