Балиева балаларды бірінші сыныптан әскерге бермек

Oinet.kz 25-02-2020 5487

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде  «Әскери қызметшілер мен әскерге шақырылушылар контингентін медициналық қамтамасыз ету мәселелері» деген тақырыпта жиын өтті. Жиынға депутаттар, қорғаныс саласының мамандары, Ұлттық «Ұлан» қызметкерлері қатысты деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

photo_271892.jpeg

Фото Tengrinews.kz

Осы жиында депутат Зағипа Балиева ұл балаларды бірінші сыныптан әскери тәртіпке үйрету керек екенін айтты. Депутаттың сөзінше әскери мектепте бірінші сыныптан бастап оқыған балалардың арасынан қылмыскер шықпайды екен.

«Жас ұлан», кадет сияқты мектептерді әр облыста, аудандарда ашу керек. Осылай істесек, біз ұтамыз. Жас бала бірінші сыныптан тәртіпке үйренеді. Маргиналдар азаяды. Мен «Жас ұланда» мектебінде болғанда қатты қауындым. Осындай кадет мектептері көп болса, қылмыс азаятын еді. Қазір осы қылмысқа, сотқа қанша ақша жұмсаймыз. Кадетте оқыса, бірінші сыныптан патриот болып өседі. Мүмкін осындай мектепті бітірген балаларды әскерге шақырмай-ақ қойса да болатын шығар. Өйткені ол мектептен бәрін біліп шығады. Бізге жүйелі жұмыс керек. Сұрақты жүйелі шешпей ештеңе өзгермейді.

Мұндай мектептер ашылса, ерте зейнетке шығатын әскерилер сабақ беретін еді. Бұны Білім жәні ғылым министрімен ақылдасып шешу керек», – деді Зағипа Балиева.

«Жас ұлан» Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери-мектеп 11 жылдық оқу бағдарламасымен оқып, 9-сынып бітірген, я 12 жылдық оқу бағдарламасымен оқып, 10-сынып бітірген балаларды қабылдайды.

Бірінші сыныптан, яғни 6-7 жасынан бала әскери мектепте оқи ала ма?  Балалық шағын ұрламаймыз ба? Заңгер-депутат осы жағын да ойласа керек-ті.

Тоқаев Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Қазақстан елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу