Шахта өртенді

Oinet.kz 16-02-2020

Шахтинскідегі көмір шахтасында өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК өкілдері хабарлады.

Шахта.jpeg

15 ақпан күні сағат 21:30 шамасында Шахтинск маңында орналасқан көмір шахтасында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 100 метр тереңнен шыққан. Шахтада 116 адам болған, олар эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ҚР ИИДМ "КӘАҚҚ" РОШ" ЖШС 60 қызметкер мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Сондай-ақ, төтенше жағдайдан адам шығыны жоқ және ешкім зардап шекпеді. 

Айта кетейік, Шахта "АрселорМитталТеміртау"  АҚ-ға тиесілі.

Түркістан бұлай дамымаған
Қордайда мүлкі зардап шеккен азаматтарға 3,9 млн теңге ақшалай көмек көрсетіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу