Помпео Қазақстанның осал тұсын атады

Oinet.kz 14-02-2020 1184

Помпео Қазақстан мен Өзбекстан секілді Қытаймен көрші елдердің вирусқа қарсы тұратын инфрақұрылымы дайын емес екенін атап өтті деп хабарлайды Sputniknews.kz.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка коронавируспен күресуге арналған 100 миллион доллар көлеміндегі бюджет қаражаты есебінен Қытайға ғана емес, өзге елдерге, мысалы Қазақстан мен Өзбекстанға көмек көрсетуге ниетті екенін айтты.

Государственный секретарь США Майк Помпео

Помпео Қазақстан мен Өзбекстан секілді Қытаймен көрші елдердің вирусқа қарсы тұратын инфрақұрылымы дайын емес екенін атап өтті. Оның пікірінше, қауіп-қатерге ғаламдық, уақытылы және дұрыс жауап беру керек.

"Бізді лайықты инфрақұрылыммен (вирустан қорғану үшін) жабдықталмаған жерлердің болуы алаңдатып отыр. Мен Қытаймен шекаралас аймақтарда, Қазақстан мен Өзбекстанда болдым, олардың да коронавирус сияқты кез келген ауқымды қатерге төтеп беретін мүмкіндігі жоқ",  - деді Помпео журналистерге берген сұхбатында.

"Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз (эпидемияны тоқтату үшін). Көмекке 100 миллион доллар бөліп қойдық. Одан да көп қаржы қарастырылуы мүмкін. Ол Қытайға көмектесу үшін беріледі, бірақ бұл қаржы қауіп-қатерге уақытылы және дұрыс жауап беретінімізге көз жеткізу үшін әлемнің басқа елдерінде де қолданылады", - деп атап өтті Помпео.

Бұған дейін Помпео Қазақстанға сапары кезінде коронавирустың елге кіруіне жол бермеу үшін Қазақстан қабылдаған шараларға таңғалғанын айтқан болатын.

"Вирустың таралуын тоқтатуға бағытталған Қазақстанның жедел әрекеті таңғалдырды", - деді Помпео.

Оның айтуынша, Қазақстанмен қатар, басқа елдер де Қытайда коронавирустың таралуын бақылауда ұстап отыр.

Коронавирустан 45 миллионнан астам адам зардап шегуі мүмкін
Сапарбаев жұмысын сын айтудан бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу