Сапарбаев жұмысын сын айтудан бастады

Oinet.kz 14-02-2020 748


8791163.jpg

 Кейбір сарапшылар Бердібек Сапарбаевтың популистік әдіс-тәсілдерге көп жүгінетінін айтады. Сапарбаевқа тән осындай әдіс-тәсілдің бірі - жиындарда, іс-сапарларда шенеуніктердің жұмысын жиі сынап, ұрысуы. 

Жамбыл облысының әкімі болған Бердібек Машбекұлы  осы аптада алғашқы аппарат мәжілісін өткізіп, кемшіліктерді атап өтті. 

Облыс басшысының айтуынша, Жамбылда көкөніс бағасы Қарағандыдан да қымбат. Осыған байланысты ол орынбасарларына біраз тапсырмалар берген. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің жұмысын қадағалау жағының кемшін екендігіне тоқталды.  Тәрбие мәселесі де ақсап тұр. Денсаулық саласындағы жағдай да мәз емес. Ақ халаттылардың жұмысында бюрократия басым.  

Сапарбаев сондай-ақ, ішкі саясат салысындағы жұмыстарды сынға алып, қоғаммен байланыстың нашарлығына тоқталған. 


Помпео Қазақстанның осал тұсын атады
Қырғызстан Қазақстанның үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу