Қордайдағы қақтығыс. Шығын мөлшері анықталды
Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан шамамен 1 миллиард 7 миллион теңге шығын келген, деп жазады Oinet.kz порталы 24.kz-ке сілтеме беріп.
Сарапшы мамандар үш күн бойы мүліктерді санап, зерттеп, зерделеп осындай қорытынды шығарды. Енді бұл материалдық шығын заңға сәйкес шетінен төленеді. Бірақ ол үшін тұрғындардың құжаттары түгел болуы керек. Бұл бағытта мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті жерде жұмыс істей бастады.
Сондай-ақ оқыңыз: «Серік голованың» Масанчидегі оқиғаға не қатысы бар?