Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысушылар шекарадан өтіп, Қырғызстандағы ауруханаға жеткізілген

Oinet.kz 09-02-2020 1282

Қордайдағы тәртіпсіздіктерден кейін медициналық көмекке жүгінгендердің қатарында Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары бар. Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін 18 адам Қырғызстанның Токмок аумақтық ауруханасына жүгінді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

news_full158122110164dde46cfb96bca8f78bf5b954413cb2.jpg

«Зардап шеккендердің айтуынша, олар 7-8 ақпанға қараған түні Масанчи ауылында болған жаппай төбелес кезінде жарақат алған. Сегіз адам қанағаттанарлық жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бір қырғызстандық амбулаторлық емдеуге жіберілді»,-дейді Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қақтығысқа қатысушылардың арасында шетелдіктер жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен 10 қазақстандық ауруханаға жатқызылды деп хабарлады. Оның сегізі Токмок аумақтық ауруханасының травматология бөлімшесіне, екеуі Бішкек қаласындағы Ұлттық аурухананың көз микрохирургиясы бөлімшесіне жеткізілген.

Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз қызметі зардап шеккендерді құжаттары болғандықтан шекарадан өткізгендерін айтты.

«Құжатсыз оларға кіруге рұқсат жоқ. Егер құжаттары болса және шекарадан өтуге ешқандай шектеулер болмаса, сондай-ақ коронавирус індетіне тексерілгеннен кейін оларға Қырғызстанға кіруге рұқсат берілді», - дейді шекара қызметкерлері.


Ақынның жазбасынан соң аудан әкімі мәселесі көп Қайнарбұлаққа арнайы келді
Тоқаев дүнген баланың видеосына жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу