Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді

Oinet.kz 03-02-2020 1530

Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі коронавирус індетімен күреске арнап жеткізілген Қазақстанның гуманитарлық көмегіне алғыс білдірді. Бұл туралы бүгін ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай.jpg 

«2 ақпан күнгі жағдай бойынша он бір ел мен UNICEF коронавирустың алдын алу және онымен күресу үшін қажетті медициналық құралдар түрінде Қытайға гуманитарлық көмек жіберді. Олардың қатарында Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Мажарстан, Иран, Беларусь және Үндістан бар», - деп мәлімдеді ҚХР СІМ. 

«Нағыз дос қиыншылықта танылады. Олардың барлығына алғысымыз шексіз», - деді қытайлық елші. Сондай-ақ ол Қытайдың медициналық бетперде, қорғаныш костюм мен көзілдірікке мұқтаж екенін хабарлады. Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.

Түркістан облысында халық әкімге бағына ма, әлде мафияға ма?
Дариға Назарбаева: «Бәріміз де адамбыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу