Түркістан облысында халық әкімге бағына ма, әлде мафияға ма?

Oinet.kz 28-01-2020 808

Иқан ауылының тұрғыны Малика Муминова Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажановтан Иқанды мафиядан тазартуды сұрады. Бұл туралы бүгін түс қайта Ескі Иқан ауыл округінің әкімдігінде өткен Кентау қаласының ел алдындағы кезекті есебінде айтылды. Бұл туралы Rgmedia.kz порталы хабарлайды. 

1580214790583734.jpg

– Иқанда жер кезегінде ешкім жоқ. Өйткені кезекпен жер берілген емес. Иқанда жер тек сатылады. Екіншіден, біздің жастарымыз оқуларын, институттарын бітіріп келіп жатыр. Олар істейтін жұмыс жоқ. Мектептерге пара беріп жұмысқа тұруы керек. Одан кейін ақсақалдар кеңесінен бастап бәрін ауыстыру керек. Әкімді де алмастырыңыз. Әкімді халықпен кеңесіп қойсаңыз, сізден өтініш. Ақсақалдар кеңесі, қауымдастық, «Нұр Отан»... жұмыс істеп жатқан жоқ. Мектепке кеткен балаларымыз батпаққа батып барып келеді. Жағдайымыз өте қиын. Мені жаман көргені көре берсін. Бірақ, бұлардың бәрі ауыз жаласып кеткен. Біздің Иқанымыз мафия боп кеткен, мафия! Байлар мен қулар! Жазбаша десеңіз, жазып та беремін. Иқанда жақсы-жақсы мұғалімдер, кадрлар бар. Бірақ, пұлы болмаса жұмысқа кіре алмайды. Онсыз мүмкін емес. Ал, бала-шағамыздың ертеңі не болады? Не істейміз, бес-алты мафиямен отыра береміз бе?! Таза мафия! Комиссия құрып тексеріп мәселемізді шешіп беріңіз, – деді ол. Муминованың сөзін жиылған жұрт шапалақтап қолдады.

Өз кезегінде Мақажанов көптің көзінше Малика Ергашқызына Иқанды тексертуге арнайы комиссия жіберуге уәде берді. Зейнеткер 40 адамның қолы қойылған арызды Кентау қаласының әкімінің қолына ұстатты. Бірақ, бұл уәде орындала ма, Мақажанов мафияны жеңе ала ма, жоқ па, ол жағын уақыт көрсетеді... Күтейік.

Сыртқы істер министрінің орынбасары қайта тағайындалды
Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу