Иманғали Тасмағамбетовке арналған жаңа ән шықты (видео)

Oinet.kz 02-02-2020 5471

Кеше белгілі тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы facebook парақшасына Нұржан есімді жігіттің бір қонақасыда Иманғали Тасмағамбетовке арнаған әнді домбырамен орындаған видеосын жариялады. Ол әнді Иманғали Тасмағамбетовтің өзі және батыс өңірінен шыққан белгілі азаматтар ұйып тыңдап отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

YevMysxG.jpg

Осы орайда, әннің толық мәтінін жариялауды жөн көрдік.

«Бейбарыс болар ағам бүгінгі,

Заулады уақыт, заман құбылды.

Саясат деген сайқал ойында

Сақтап келесің адамдығыңды...

Сақтап келесің адалдығыңды!


Қазаққа Құдай қиған ба әдейі?

Жалғыз ұлындай сыйлауда әр үйі.

Именер дұшпан, иланар досым,

Исі қазақтың Иманғалиы!


Аяқтан шалып, айып та жапқам...

Айығар кейде лайық балақтан.

Сен атқа қонсаң сүрінбесін деп,

Тілейді жұртың Жайықта жатқан.


Құлатпас бірақ құмдағың демеп,

Тілекшің – елің. Бұл да бір медет.

Жаныңның мұңын Жайыққа жуып,

Қуат алып ал, құмдарыңа кеп!


Қазаққа Құдай қиған ба әдейі?

Жалғыз ұлындай сыйлауда әр үйі.

Именер дұшпан, иланар досым,

Исі қазақтың Иманғалиы!


Қазаққа Құдай қиған ба әдейі?

Жалғыз ұлындай сыйлауда әр үйі.

Ел бағы үшін есен-сау жүрші,

Исі қазақтың Иманғалиы!».

Видео мына сілтемеде

Айсұлтан Назарбаев Қазақстандағы іріп-шіріген жүйені қатаң сынға алды
Қазақстан Президенті АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу