Айсұлтан Назарбаев Қазақстандағы іріп-шіріген жүйені қатаң сынға алды
Кеше Қазақстан Республикасының Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Рахат (Назарбаев) Фейсбуктегі парақшасында тағы бір жазба қалдырды деп хабарлайды Oinet.kz сайты. Бұл жазбасында Айсұлтан Рахатұлы ең алдымен өзін қолдаған барша азаматтарға рахмет білдіріп, Қазақстандағы жүйені сынға алды.
- Шаштарына ағарған ағайлар пен апайлар теледидардан не десе де, алдағы 5 жылда экономика көтерілетіні айқын екендігі белгілі.
Бірақ, кедей адамдар бәз-баяғыдай тиынды тиынға жалған күн көреді. Курс қысымынан тиындар түкке де тұрмай қалады.
...Осы жағдайлардың орын алып жатқанына мен кінәлімін. Өйткені мен кезінде бірдеңе өзгерту мүмкіндігін пайдалана алмадым. Мен тыныш өмір сүруді қолайлы көрдім, өзімшіл болдым. Және еліміздегі әрбір азамат, мысалы ГАИ-ға ақша ұсынып, еліміздегі Жемқорлықтың өсіп-өркендеуіне жол бергені үшін кінәлі, - деп жазды Айсұлтан парақшасында.
Әлеуметтік желіден скрин
Ары қарай ол Қазақстандағы іріп-шіріген бұл бей-беркет жүйені бұзу керектігін хабарлады.
- Мүлдем ұятсыз адамдар биікке көтерілді. Бүгінде Қазақстанды баракат (Ислам дінінде қайырымдылық, бата, рахмет деген мағынаны білдіреді) тастап кетті. Адам құқықтары тапталып жатыр, жүйе шындықтың даусынан шытынап жатыр. Көпшілік "Сен енді ояндың ба?" деп айтады. Ия, мені Құдай және бір адам оятты.
Менде ешқандай амбиция жоқ. Және мен ешқашан мемлекетте орын алып жатқан заңсыздықтың бір бөлігі болғым келмейді. Ал, егер болсам, тек жүйені жою үшін ғана болар едім. Тіпті менің биологиялық әкем де қанша қаласа да жүйені бұза алмады: Кеңес Одағында өскен ортаның кесірінен, олардың ойлау қабілеті шектеулі және өзгеруден қорыққандықтан, - деді Айсұлтан. Жазба соңында Дариға Назарбаеваның ұлы адамзат дінге бөлінбеу керектігін, Жаратушы Ие біреу-ақ екенін мәлімдеді.