Қазақстан – Түркия қарым қатынасы талқыланды

Oinet.kz 17-01-2020 918

Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады.

Қазақстан-Туркия.jpg

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады. Түркия Елшісі сенім громатасының көшірмесін тапсырды - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 жылғы қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд долларды құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67%-ға өсті (1,5 млрд долл.). Экспорт көлемі 2 млрд доллар, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларға жеткен. 

Мәжіліс сайлауы мерзімінен бұрын өтеді
Премьер-министрлердің отставка кету челленджі жалғасып жатыр: Келесі кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу