Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бір айда 9,7 млрд теңге түскен
2019 жылдың 1-30 қараша аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 9,7 млрд теңге түсті. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қараша аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 234 млрд теңгені құрады. Оның 224,8 млрд теңгесі (96,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (3,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», делінген хабарламада.
Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады.