Қызылордада жан түршігерлік жол апатынан жеті адам көз жұмды
Қызылорда облысында 35 адам мінген автобус аударылып, жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. Оқиға таңғы сағат 05:25-те болған.
"Соңғы мәлімет бойынша, оқиға орнында алты адам қаза болды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды, зардап шеккен 28 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деп атап өтті Нұрахметов.