Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, бүгінде Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әзілдерінің астарында үлкен ой жатқанын айтып, оны сатираны жаңа деңгейге көтерген азамат деп атады. Бұл туралы ол Қазақпарат тілшісіне берген сұxбатында мәлімдеді.
"Тұрсынбек – қазақтың сатирасын жаңа деңгейге көтерген мықты азамат. Ол сахнада бұрынғыдай кемпір мен шал, базар, ыдыс-аяқ секілді тұрмыстық деңгейде емес, мемлекеттік бағдарламаларды да әзіліне қосып, астарлы сын айтады. Үкімет бір бағдарлама қабылдаса, арада 1-2 ай өткен соң ол туралы міндетті түрде Тұрсынбектің әзілдерінен көруге болады.
Мысалы, "Қолжетімді баспана" туралы әзілін алар болсақ, "үкімет біздің жағдайымызды қатты ойлайды. "Қолжетімді баспана" бойынша үй алдық. Шынымен бәрі қолжетімді екен. Асүйде орныңнан тұрмаған күйде-ақ қол созып, тоңазытқышты аша саласың. Қол созып-ақ шәугімді ала саласың. Шынымен қолжетімді баспана екен. Ал өздері қол жетімсіз үйде тұрады: тоңазытқышқы бару үшін оны іздеу керек, шай алып келгенше суып қалады" дейді. Астарлы әзіл ме – астарлы әзіл! - дейді Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.