Головкин 8 маусымда өтетін жекпе-жекте қанша гонорар алады?

Screenshot_1.jpg

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, деп хабарлады Vesti.kz.

GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізеді, қарсыласы - әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.

Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокстың ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін Головкин 15 млн доллар алуы мүмкін.

"Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген қауесет тарап жатыр. Бұл жекпе-жек деңгейіне сай келмейтін ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне платформадағы дебюті үшін оңай кездесу ұсынған болар. Бірақ Роллспен жекпе-жектен кейін GGG өзінің келісімшартын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло секілді "арыстандарға" қарсы кездесулерде ақтайды", - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Сол кезде ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (51-1-2, 35 КО) төрешілер шешімімен ұтылып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзін Боратқа теңеп мазақ қылған канадалық боксшыны нокаутпен жеңді
  • Жазира Жаппарқұл, Олимпиаданың күміс жүлдегері: «Әкем болмағанда мұндай жетістікке жетпес едім»
  • Футболдағы трагикомедиялар
  • Армандар орындалады: Кумирін жеңген фанат
  • Көрші Ресей мен Өзбекстаннан қалып қойдық