Головкиннің келесі жекпе-жегінің өтетін жері мен күні анықталды

Oinet.kz 05-11-2019 2050

Screenshot_14.jpg

Орта салмақ санатында бұрынғы Еуропа чемпионы, польшалық Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкинмен айқасуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

5 қазан күні Шеремета Нью-Йоркте болған Головкин – Деревянченко бокс кешінің андеркардында кездесу өткізіп, мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутпен жеңген еді. 

«Біз дайынбыз, Камил Шеремета тәкаппар спортшы. Ол GGG сияқты бокс аңызымен жекпе-жек өткізуді армандайды. Бұл әрі оның мақсаты», - деді Василевский The Ring-ке берген сұхбатында. 

Промоутердің айтуынша, жекпе-жекті 8 немесе 29 ақпанда, қалың поляк диаспорасы отырған Чикагоның Wintrust Arena-сында ұйымдастыруға болады.

Александр Винокуров ақталып шықты
Қазақстандық футболшыны алаңнан қуып жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу