Сәбидің етін жеген қытайлардың жазасы қандай болмақ?
Қазір ғаламтордан неше түрлі сұмдықты көретін болдық қой. Қытай, кәрістердің ит, мысық секілді жануарлардан бастап, жыбырлап жүрген шылаушын, құрттарға дейін сүйсініп жейтіндеріне көз үйреніп кеткендей. Алайда олар соңғы кездері тым шектен шыққан секілді. Жақында әлеуметтік желілердің бірінен қытайлардың бала сүйегін мүжіп, етін жеп отырған фотолары жер шарды шарлап кетті. Суретке қарап жүрегің ауырады. Әрине, фототағы көріністің рас, өтірігін білмедім. Алайда тарихқа үңілсек аспан асты елінде жас нәрестелердің, шала туылған сәбилердің және әлі өмірге келмеген шарананың етін жейтін жазба деректер кездеседі екен. Мәселен «Гуанзы Шияучың» деген көне жазбада бір тарихи оқиғаны баяндай келе: «Ынжық Иы Я қожасына жағымпазданғанда, шектен шыққан. Патшасы оған «Буға піскен жас нәрестенің етін жеп көрмеппін» дегенде, Иы Я оған өз ұлын буға пісіріп әкеліп беріпті» деп жазылады. Жалғыз Қытай елінде ғана емес адам етін жеу әлемнің көптеген халықтарында болған. Тіпті біздің қазақтарда да .
Ел басына туған жұт, ашаршылық заманда қазақтар да бір-бірінің етін жемеп пе еді?! Бұл мәжбүрліктен болған «күнә» еді. Ал қазір қалаған асыңның бәрі дүкен сөресінен табылатын молшылық заманда адамдардың жас баланың етіне «көз тіккендері» мастыққандықтың белгісі деуден басқа шараң жоқ. Әлемнің бар асынан ауыз тиіп үлгерген бай-бағландар дүниедегі ең дәмді тағам нәрестенің етіне тапсырыс береді екен. Мұндай көлеңкелі бизнеспен айналысатын мейрамханалар да жеткілікті. Қысық көздердің ресторандарынан бала етінен әзірленген тағамдардан тұратын мәзірдің бары БАҚ құралдарында ашық айтылып жүр.
Алланың ең көркем жаратылысы адамды, оның ішінде бейкүнә сәбилердің етін жеген «екі аяқтылардың» о дүниедегі жазалары қандай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты.
Бекасыл Игембаев,
Жамбыл облысы