Әзілдеп айтып жездесін шалқасынан құлатқан ер адамның оқиғасы

Oinet.kz 13-08-2022 7072

Бұл әзіл оқиғасы өткен ғасырдың сексенінші жылдардың ортасында болған еді. Күз айы. Халық өздерінің мал азығын дайындау мен қыстық отындарын дайындауды аяқтап қалған кезең болатын. Ол кезде біз елде едік, білдей бір кәсіпорын мекемесінің бастығымын.

Screenshot_12.jpg

Алматыға жолсапарына барайын деп дайындалу үшін үйге жұмыстан ертерек оралғанмын. Үйге аталас әпкеміздің жансерігі жездем Нүктебек келіп отыр екен. Амандасып болған соң дастархан басында екеуара әңгімеде қыза бастады.

Тегінде қазақта жездесін жасы кішілері құрметпен қарап жақсы сыйлаған дәстүр барына менде түсіністікпен қарайтынмын. Жездем де маған қағытпа қалжыңын аямай, қамшысын да көтеріп қоятын әдетін ұдайы қайталап отыратын. Қандай жерде кездессең де ар ұятыңа қарамай қу тілімен осып-осып алатын әдеті бар-тын. Бұндайда саспа жезде менде сені сеспей қатыратын уақыт келеді деуші едім.

Бұндайда алғашқы сөз таласының соңы сыйластықпен аяқталушы еді. Сөз арасында жездем бұйымтайын айтуында ұмытпапты. Біз сенің амандығыңды құдайдан тілеп келеміз, білдей судай жаңа техникасы көп бай мекеменің бастығысың, мен анау таудан Қабанды сайынан қарағай жығып қысқа отын дайындадым, соны ауылға жеткізуге бір машина бер деді.

Мен де қағытып немене сенбе мені қызметке қойған, бала кезде қарамаушы едің енді бастық болғанда туыста, жезде де көбейдіңдер деп қалжыңға сүйеп біраз сөз айттым. Жұбайым да қой ұят болады өз жездең ғой кімге бермеген техникаң деп мені сабырлыққа шақырды. Жездемде бір жақсылық күткендей үнсіз отыр. Мен де қуланып ой жезде немене сенің тілің күрмеліп қалғанба, енді үйіңе қайта бер деп жолсапарға кетуге жинала бастадым. Жұбайым қой үлкен кісіні ренжітпе, келген соң берем десеңде бір оң жауабыңды бер, көңілі қалмасын, осы сен қашан қалжыңыңды қоясың деп сөзін аяқтады. Мен де қазір ойланайын деп, жездеме тура қарасам қабағы салбырап кеткендей көрінді маған. Ау, жезде мынаған келісейік саған машина болады бір-ақ, бір шартым бар соны орында дедім. Ол тыңдап отыр, мен маған сенің отының қажет емес, менің үйімнің жылу жүйесі электр төгімен жылынады, оны өзің білесің, ана менің қарындасымның үйіне бір машина қарағай түсір деп әтей айттым да, егер бұны орындамасаң машина жоқ дедім. Жездем қарағай бермеймін дегені. Мен онда бермесең сені қарағай дайындап жатқаның да, ертеде сен тірідей құйрық майын кесіп алған Жәмила апаның қара қошқары мен көк қошқары сүзіп таудан құлатсын дедім де сөзімді аяқтап, жүруге дайындалдым. Жездем, ей, ей тоқта дегеніне қарамай Алматыға жолсапарына кеттім.

Мен Алматыдан екі күннен кейін түнделетіп үйге оралдым. Жұбайым, үйде Жидехан әпкем жатыр, жездемнің көзіне бір нәрсе қошқар түстес елестеп, өзіне қарай сүзуге ыңғайланып ұмтылғанда қолындағы балтасымен бірге таудан үшып кетіпті, қалы мүшкіл, тамақ ішуден қалды, дәрігер Төкенде адам болары екі талай деді дегені. Осы сен қызықсың жезделеріңе бірдемені құрастырып айта саласың, анау күнгі сен айтқан қошқарларды көңіліне алып қалған ба, құлағанына қарағанда деп сөзін аяқтады да, жездең анау-мынау болып кетсе қайтесің, ертең ана дәрігермен ақылдаста әпкең үшін қамыңды жаса дегені. Аз ойланып тұрып, жездем өлмейді, ол ертең орнынан тұрады деп шорт айттым. Жұбайым не сен құдайсың ба, дегені. Мен онда сен тыңда жездем ертеде бау кеспе ұры болыпты. Оның жанында Қоғамбай жездем де болыпты. Екеуі бірігіп нағашы, қайынжұрт және көршілердің малдарын ұрлап біріне-бірі өткізеді екен. Бұл аз болғандай малын жоғатқандарға мынаны берсең малыңды тауып береміз деп аласасын алып, одан кейін тайып тұрады екен.

Сөйтіп малынан және қосымша бергенінен айырылғандар ақыры күдерін үзіп, бастан садаға деп қойыпты. Күндердің күнінде қос жездеміз Жәмила деген апамыздың қазақы тірі қойының ірі май құйрығын кесіп алыпты. О, тоба тірі құйрық майы ыстық қазанға турап салғанда, ыршылдап тұрмайды екен деп, бұл сұмдықты өз көзімен көргендердің айтқандарын бала кезде өз құлағыммен ағаларымнан талай рет естігенмін. Осы әңгіме есіме түсіп, жездеме айта салғамын. Оның ақыры не боларын қайдан білейін. Бүгінде ойласам жас кезіндегі істеген әрекеті шынында есіне түсіп, миына қатты әсер еткендей.

Таң да атты. Жұмыстан бұрын Сарыжаз ауылдық ауруханасына соғып, жездемнің қалін білейін деп Бас дәрігер Төкенге жолықтым. Төкен жездеңнің бас сүйегі, денесінің көп жері таудан құлағанда қатты зақымданған. Қысқасы тасымалдауға жарамайды, тамақ іше алмайды, Адам болуы екі талай деп шорт айтты. Қамдансаңдар да артықтық етпес деп, тағы да сөзін жалғастырды. Жездем сөйлей алмайды, бұрынғы қалы жоқ, құр жаутеңдеп көзіне жас ала береді. Үйге келе жатырмын. Қатты ойландым. Үйге келдім.

Әпкем жаутаңдап, Төкен не деде деді. Мен Төкен қалы нашар дейме, жағдай қиын болып тұр әпке дедім. Әпкем жылап жіберді. Мен бірден әпке жездеме ең ақырғы бір тәсілді ұсынамын, сіз соны орындайсыз ба дедім. Әпкем де орындаймын деді. Мен, сіз жездемнің жас кезінде ұры болғанын жақсы білесіз. Ал, бүгінде құр емес шығар. Қысқасы жездеме ұрлық малдың еті дауа болады, ол орнынан тұрады, жазылады дедім. Айтқаның келсін деп әпкем мен жұбайым жездеме апаратын асты дайындауға кірісті. Мен әпке ана жездеме мына малды түнде бауырым Алматыдан келе жатқанда айдаладан жүргіушісі ұстап алып, бұл далада қалса бәрібір қасқыр жеп қояды деп үйге алып келіпті. Мынау сол қойдың етінен жасалған тамақ, сен бұл ұрлық малдың етінен жасалған деп іш, ем болсын десе, көптен тамақ іше алмаған жездеме ғайыптан қабілет пайда болып, екі кесе тамақты ішіп қойыпты. Бір сағаттан соң ауруханаға барсам жездем ыржалақтап сөйлеп, орнынан тұрып жүр. Мен де, жездеме ұрлық еті жақтыма ұрым, енді өлмейсің жазыласың, мен саған отыныңды әкелуге машина берем, қошқарлар бұдан былай сені сүзбейді деп, жұмысыма кеттім. Ол бетіне әр кіріп іштей ризалығын білдіргендей болды. Жездем біраз күннен кейін үйіне оралды, маған бас дәрігер таңғалып жүр. Жездемен қалжыңдасқан күндер айлап, жылдап жылжып жатты. Мен Алматыға қызмет бабымен ауысып, біраз уақыттан кейін жанұямды да Алматыға көшіруге елге бардым. Ажырасар аяқ үш күнге созылды. Біз көштік.

Жездем де әпкем екеуі ат арбаларымен көштен қалмай келеді. Үлкен жол бойына жақын қыстақ олардың тұрақты қонысы болатын. Бізді шығарып салар жолда екеуінің жылағаны ширек ғасыр өтсе де, әлі көз алдымда сағымдай елес болуда. Бірер жылдан кейін елде әпкем о дүниелік болды да, жездем балаларымен Алматыға жақын Қызылту деген жерге қоныстанды. Жездем ана қауіптен кейін он бес жылдан кейін олда кейінгі қонысында о дүниеге аттанды. Ол маған кейінгі өмірімді ажалдан алып қалған сенің тамағың. Сен бүгін белгілі емшісің, сірә сенде сонда бір нәрсені жасырын болса да білгенсің бе деп, баяғы қалжыңына басушы еді. Серт пен сенімнің де ажалдан құтылуға себепкер болатынын енді сезгендейміз бе, қалай дейсіздер оқырман?

Хатшы қыз - жұмыстағы әйелің сияқты
Еркектер неге ез болып кетті, оған кім кінәлі екені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу