Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Атақты жазушы Даниель Дефоның «Робинзон Крузо» атты романын оқыған боларсыз. Онда сізді «Робинзон расымен де өмірде болған ба? Болса, оның аралы қайда екен?» деген небір жұмбақ сұрақтар мазалаған болар. Ендеше біле жүріңіз, романдағы кейіпкер мен оның аралы ойдан шығарылған дүние емес.
Оның шығармасы нақты фактілер бойынша жазылған. Кітапта қаһарманның фамилиясы ғана өзгертілген екен. Сонымен қатар, автор аралды Атлант мұхитында орналасқан Кариб теңізінің Ориноко сағасына ауыстырған. Дефо табиғат сұлулығын суреттеу барысында Тринидад және Табаго аралдарының көрінісін пайдаланған.
Ал Робинзонның өмір сүрген құпия аралы Чили төңірегіндегі Хуан-Фернандес атты ұсақ аралдар тобындағы Мас-а-Тьерра (испан тілінен аударғанда «жағалауға жақын») аралы болып табылады. Ол аралды 1563 жылы испандық теңіз саяхатшылары ашқан.
Бүгінде Мас-а-Тьерра аралының жағдайы жазушының сипаттауынан мүлдем басқаша. Онда ұялы телефон және телеграф байланысы орнатылған. Аралды мекендейтін азды-көпті тұрғындардың үйлерінде радио, теледидар бар. Арал мұндай мүмкіндіктерге ие болғандығымен, әлі күнге дейін оқшау күйінде қалып отыр. Туристер де онда аяқ баса бермейді.