Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппардың басынан өткен дауға қатысты пікір білдірді. Әнші бауырының сөзін түсіндіріп, оның артық ойы болмағанын айтты. Сондай-ақ, басына күн туғанда Әбдіжаппар екеуінен сырт айналған жақындарына ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Әр дулат, әр адай, әр найман өз атасын айтып мақтанатыны сияқты, мен де өз руыма ризамын негізі. Қай-қайсыңыз да руға тиіссе саңқ ете қаларыңыз сөзсіз.
...Құнанбай атамыз қадірлеп Әуез қожаны шығысқа апарғанда елін дінмен сауаттандырып, ақырында қазақтың бас ақыны Абайды дәріптейтін Мұхтар тумады ма?! Қазақ пен қожаның бірігіп кеткені қаш-ш-ан?!
Өкінішке орай, әр адам атасын айтып мақтануға болады, бізге келгенде көңіл-кірпияз...
Әйтпесе Әбді-жаппар "Қазақия" деп Мұқағали Мақатаевтың поэмасын менімен бірге шырқап, қазақтың әр жерін махаббатпен айтып жүрген жігіт емес пе?!
Әннен басқамен әуресі жоқ бала әлі саясаттан бейхабар, таза бала. Басқа рудың баласы осылай "қақпанға түссе" қалың руы бас көтеріп шығар еді", - деп жазған Роза Facebook-те жарияланған 30 наурыз күнгі жазбасында.
Албанның жігітіне тұрмысқа шыққан әнші бұл жағдайда бауыры екеуін ақтайтын адамдардың аз болғанына күйінді. Өзгелерден үміті үзілді ма, Әбдіжаппардың сөзін өзі түсіндіруге тырысты.
"Қара деген қарайған көп халық деген сөздің түбірі. Қара деген қазақтың өзі. Қара мен қазақты бөлу мүмкін емес. Айтар ойға мән беру керек шығар?!
Осы кезге дейін қожаның қожадан қыз алғаны рас. Кешегі күнге дейін сол салтты ұстанып келгені де рас. Басты себебі өздері қожаны ақсүйек деп атап, пір деп сыйлаған елдің босағасында отырмасын, атамызға сөз келтірмесін деп уайымдаған. Өйткені кез келген еркек қатынын бір боқтайтыны анық!
Қазір заман басқа, пір де, ишан да емес, қарапайым атаның баласымыз. Есмаханбеттен тарайтын атамыз Жомарттан Әлқожа, Әлқожадан Омар, Омардан Мәлік қалыпты. Он екі үйлі отбасыдан қалған жалғыз тұяқ менің атам. Ол әулие, ишан болмақ түгілі қожа-молданы қудалағанда Арал, Тамды асып кеткен. Жаны үшін шекара асқан Әлқожаның жеті жаста жетім қалған Мәлік атты жалғыз мұрагері. Ата-анасы бай болғаны үшін қудаланып, арғын нағашысының босағасында қалған жетім қыз, Тереңөзектің алашасы Күләй апам екеуі бас қоспағанда бір атадан біздей ұрпақ тарар ма еді, белгісіз!
Бізді көбі біле бермейтіні, өз руымыздың да бізге жатырқай қарауы бәрі содан. Бірақ қоңырат деген ел жатсынған жоқ. Қазанымыз қатар қайнап, Мақтаарал деген өлкенің мақтадай жүрегінен орын тапқанбыз. Сол қоңырат қожа деп сыйлап, батасын алып, бағын басым еткен!
Әбдіжаппар кешірім сұрайды!
Бауырымның түрінің өзгешелігі өзіне сор болды. Көрген адам қазаққа ұқсатпайды. Сарт деп, түрік деп тиісе береді. Содан ол руын айтып ақталып әлек. Ол руды білмейтіндер оның түбін қазады. Қазақта ондай ру жоқ дейді. Содан арабтан дін тарату мақсатында келгені айтылады. Ол заңдылық та ғой! Қазақ ру сұраспай отыра ма?!
Жолдан шаршап келген әнші араласып жүрген, тілі қазақ, ұлты өзге досына сәл мақтанып сұхбат беріп отыр. Ең бастысы айтар ой дұрыс. Ешқандай ұлтқа тіл тигізу мақсаты жоқ. Тек сөзді дұрыс қолданбаған. Журналист өзі бұзылды деген сөзді аузына салып беріп отыр. Содан қан араласты деудің орнына қан бұзылды деп қолданған.
Жаны ашыған жұртқа рахмет!
Өз басымда рулық деңгейден ұлттық деңгейге көтерілу керек деген ұран тұрады. Ешқандай руға бөлінбей, қазаққа ортақ қызбын деп еркелеп жүрген адаммын. Күйеуге шығарда "мұсылманның баласы, өзім қалаған жанға тиемін" деп "заң бұзып" кеткенім де рас. Біздің ата-бабамыз анау Әбді-Жалил Бабтан бастап Қызылорданың Жаңақорғанына келіп жайғасқаннан бастап атамекен, ел десе, туған топырақ десе шығарға жанымыз бөлек. Қазақ деп қазақтан артық жан күйдіретініміз Аллаға аян. Ал жас жігіттің ауызекі сөзді эфирде айтуы журналистің сұрағына байланысты өрбіген.
Кешелі бері күллі қожаға, ата-анамызға, намысымызға тиетін сөздер айтылды. Сөз жүйесін табады ғой. Алла бізге сабыр берсін! Жанашыр жандарға Алла разы болсын! Жеті ұрпағыңыз жетелі болсын!" - деп пікір білдірген Роза Әлқожа