Асан Пердешов те қыз ұзатып жүр

Oinet.kz 03-04-2019 1307

Screenshot_7.jpg

Осыдан біраз уақыт бұрын "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек қыз ұзатып, көпшілікті таңғалдырған болатын. Әріптесінің бұл үрдісін шымкенттік әнші Асан Пердешов те қайталаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің қыз ұзатқан сәті qaz.stars парақшасында жарияланған. Видео әлеуметтік желіге жүктелген бойда желі қолданушыларының қызу талқысына түскен.

"Ер адамның қыз ұзатқаны несі?", "Қызды әйел адамның ұзатқаны әдемі көрінеді ғой", "Қазақтың тарихында ер адамның қыз ұзатқаны болмаған".

"Қызды ұзатқанда жеңгесі ұзатып, беташарда екі абысыны екі иығынан сүйейді. Бұл солар сияқты еңбегі сіңіп, адал жар, аяулы ана болсын деген ойдан шыққан", "Жай ғана ән айтып тұр ғой", "Ер адамның қыз ұзатқаны ұят нәрсе. Ағасы қарындасы ұзатылып бара жатқанда қасында тұрмайды ғой", деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетсек, "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек қыз ұзатуға табыс көзі ретінде қарайтынын жеткізген болатын.

Ал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов қыз ұзатқан әріптесіне қатысты пікір білдіріп, мұндай оқиғаның тарихта болмағанын айтты.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Ақбота Сейітмағамбет өзіне әлдекімнің дуа жасағанын айтты
Роза Әлқожа: «Бауырымның түрінің өзгешелігі өзіне сор болды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу