Қарақат: Бұрынғыдай от души күле алмаймын

Oinet.kz 18-03-2019 1335

251651456141521.jpg

Соңғы кездері Instagram оқырмандары Қарақат Әбілдинаның бет-әлпетінен өзгеріс байқаған сыңайлы. Көпшілік тарапынан әншіге сыртқы келбетіне байланысты сауалдар көптеп түсе бастаған. Араларында 5 баланың анасы "ботокс салдырған" деп болжағандар да бар. 

Алайда Әбілдинаның бұған берер өз жауабы бар, деп жазады Stan.kz.

Қарақат ешқандай иненің көмегіне жүгінбеген. Алайда бет-жүзінде өзгеріс барын жасырмайды. Оған себеп хирургиялық ота емес, бар болғаны тіс дәрігерінің қойып берген брекеті. 

"Соңғы кезде маған "түріңізде бір өзгеріс бар, аузыңыз қисайып кеткен бе, ботокс салдырдыңыз ба?" деген сынды пікірлер жиі жазылады...

Мен ешқандай укол салдырғам жоқ, оған шынымды айтсам уақытым да жоқ... Бірақ, бір өзгеріс бар екені рас... Бұрынғыдай 32 тісімді көрсетіп, ‘от души’ күле алмаймын... Бәріне кінәлі ақ қайың демекші, бәріне кінәлі брекет. Иә, дәл солай. Брекет аз уақытқа қойылмайды, ал ұзақ мерзімге демалыс алып, сахнаға шықпау мүмкін емес. Дегенмен денсаулық бірінші кезекте. Сондықтан әзірге осылай жүруге тура келеді. Бірақ, қазір теxнологияның дамыған заманы ғой, брекет тістен ‘почти’ көрінбейді, ән айтуға да еш кедергісі жоқ. 

Иә, бұл уақытша ғана өзгеріс. Таяуда бәрі орнына келеді. Сондықтан көпшіліктің алдында жүрген адам ретінде, түрлі сауалдарға осылай түсініктеме беріп қояйын деп шештім", - дейді Қарақат.


Құрманай Бақтиярқызы: Менде әзірге 1000 доллар деген ақша жоқ
Астана тұрғындары "Әулие Патрик" күнін тойлап жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу