Сəлем салу - естілік пе, ескілік пе?

Oinet.kz 12-11-2019 3725

Сәлем салу.jpg

Ел ішін де "ойбай, не дейсің,Оңтүстікте қыздың қалыңмалы қымбат" немесе "Оңтүстікте келінді күң сияқты жұмсайды екен,орамал тартып, сəлем салады екен"деп, сұмдық жаңалық ашқандай шошитындар жетерлік.

"Қалыңмал" - Қазақ, Қазақ болғалы біте қайнасып келе жатқан дəстүр.Қызды сату емес, "кəдесіз болса да, қалыңсыз" бермейтін, қызға деген атам Қазақтың құрметі бұл.

"Күң сияқты" деуіміз артық енді. Жас келін келген ортасына сіңісіп кету үшін, ата-анасының үйінде жасамаған қызметті, жаңа босағасында істейді. Таңертең үлкендер мен күйеуінен бұрын тұру, шəй-суын дайындау, есіктің алдын сыпырып, жадырап жүріп таңғы асты беру - келіннің сүйкімін асырады. Орамал тастамау - келін боп түскен əулетке деген үлкен құрмет!

Басындағы жаулығы жарасып, үлкендерге иіліп сəлем салып тұрған келіншегін көргенде, қандай еркек марқаймайды дейсіз?!

Əр сəлем салғанда, "Көп жаса, бақытты бол, ұл тап, көсегең көгерсін" деп батасын беріп жатады ата-апаларымыз. Оның несі жаман?

Адамға бірден-бір азық- бата мен алғыс!

Сəлем салуға болмайтын екі-үш жағдай бар.

Күйеуі қайтыс болған əйелге рұқсат сəлем салмауға.

Келін өзімен рулас жандарға сəлем салмайды. Себебі, "сүйек сырқырайды" деп жатады.

Жəне аяғы ауырлап, айы-күні жақындағанда.

Ананың ыждаһатты тəрбиесінен өткен қыздар үшін, жоғарыдағы "жазылмаған дала заңдарының" еш қиындығы жоқ.

Тəрбиелік мəні зор, тағылымы бар салт-дəстүрімізді жоғалтпайықшы, ағайын!

Нурила Қоңыраттың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Шығыс медицинасының кеңестері
Балам үшін алаңдаймын!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу