Шығармашылық өмірде ең маңыздысы – өзіңді кешіру

Oinet.kz 08-11-2019 1191

шығармашылық өмір.jpg

Көпшілік шығармашылық өмірде ең маңыздысы талант, тәртіп, жаттығу жасау, анығын айтқанда жолыңның болуы, бақ жұлдызыңның жануы деп біледі. Бұның бәрі маңызды екені рас. Бірақ бұлардан да маңыздысы – өзіңді кешіріп үйрену.

Суреткер ретінде өзімізді өзіміз кешіріп үйренуіміз керек. Жұмысымыз өзіміз қалағандай нәтижелі, тамаша шықпағаны үшін өзімізді кешіріп үйренейік. Бекіткен дедлайнның бәрін кезек-кезек өткізіп алғанымыз үшін кешірейік. Жұмысқа арнамаған уақытымызды кешірейік. Кейде айлап жұмыстың бетіне қарай алмайтын кездер болады. Не күш-қуатың таусылады, не шабытың болмайды.

Күн сайын үсті-үстіне қайталана беретін жұмысты жасап жүргенімізді кешірейік. Жұрттар сияқты тапқыр, шешен, көсем, ерекше болмағанымызды да кешірейік.

Өзге суреткерлердің бізден мың есе артық болғанын қызғансақ, сол қызғанышты да кешірейік.

Егер өзіңді үнемі кешіріп отырмасаң, адам алға қарай ұмтылмай қалады. Ары қарай шығарма тудыра алмайды.

Мен бұны жаңадан бастадым деп ойлағанда – өзіме кешіріммен қараймын. Бәріміз де жаңадан бастағандармыз.

Жаңадан бастаған адам кемелдікке жету үшін бір нәрсе ғана жасамақ – бастаған жолын жалғастыру. Алға.

Элизабет Гилберт

Аударған Шынар Әбілдә


83 жасар әйелдің құрбысына жазған хаты
Адамды көзінің түсіне қарап қандай екенін білуге болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу