Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Егер әйелді еркек сынаса, ол бірден күйзеліске түседі. Күйзеліс кезінде әйелдің бойында тестостерон (ерлер гормоны) көп бөлінеді. Мұндай әйел тұйық әрі ашушаң боп кетеді. Ол төсек қатынасы туралы мүлде ұмытады. Қызықпайды. Себебі, еріне сенімі шайлығады.
Әйел мен еркектің арасындағы басты айырмашылық: әйелге оның жан дүниесіндегі қазіргі ахуал өте маңызды. Жүрегі тыныш, жаны рақат тапса ғана ол ерін қалайды. Құмарлығы оянады. Ол үшін тартымды болуға барын салады. Тіпті он минут бұрын екеуі дауласып қалса да. Әйелдің құмарлығы ерлерге қарағанда анағұрлым күрделі гормоналды және эмоционалды әрекеттесуге тәуелді. Егер әйел еріне сенсе, оның құмарлығы күн өткен сайын арта түседі. Ал егер ері оны сынап-мінеп отырса, әйелдің құмарлығы ұшты-күйлі жоқ боп кетеді. Сондықтан рухани тыныштығы оралмайынша, еріне қарамайды.
Әйелдің бойында реніш пен құмарлық бір мезетте бола алмайды. Әйелге төсек қатынасында неғұрлым ашықтық керек. Ашық болу қатты сенетін адаммен ғана мүмкін. Сенім деген - ер адам оны сыртқы ортаның жаманатынан, тіпті өзінің нашар көңіл күйінен де міндетті түрде қорғайды деген ұстанымға тіреледі.
Кристина Хроян
Аударған Шынар Әбілдә