Әйелді қалай сүю керек?

Oinet.kz 08-11-2019 1548

әйелді сүю керек.jpg

Ер адам – жалпы алғанда күй талғамайтын жаратылыс. Жігіттер өзін, өзімен төсекті ұнататын сүйкімді сүйіктісінің талай қыршаңқы мінезіне төзуге бар. Әйел заты талапшыл. Дегенмен олардың тілін табуға да біршама кілт бар. Егер сіз ер адам болсаңыз, әйел жанын түсіндіретін осы мақаланы оқуға кіріссеңіз – тіл табысудың жолына түскеніңіз.

1. Сүйіктіңізбен әлеуметтік рөлді келісіп алыңыз

Кей әйелдерде еврей-ананың комплекстері бар. Кей қыз – мәңгілік бала. Кей қыз – қыз сияқты, жанында көйлек киген жігіті болады. Кей қыздар департамент бастығындай, олар тіпті кофе демдей алмайды. Өмір-бақи өзіне сенімсіз модельдер бар, көріксіз болса да өзіне елітіп отыратын қыздар бар, жұрттың бәрі соларды көре алмайды. Ақылына көркі сай, ақсүйек, тіл табысқыш, докторлық дәрежесі бар айбарлы әйелдер жүр. Сізге әлеуметтік рөл түсінігі сәйкес келетін әйел керек.

Егер қыз бала мынадай ұсыныс жасаса сөкеттігі жоқ: сен мені киіндіресің, пәтерықыны төлейсің, мен үй тірлігін жүргіземін, саған төсекте жоқ демеймін – сіз соған келісесіз. Егер ол былай деп ескертсе, оның да жамандығы жоқ: мен бала тәрбиесіне қараймын, жұмысты тастаймын, дегенмен түрім келісті боп, ұйқымды қандыру үшін маған бала күтуші керек. Кейбіреулер тіпті былай келіседі: «мен апайымның пәтерін сенің атыңа аударам, Ruby жаттап алам, керек десең үйде тыржалаңаш жүрем, келістік пе?» Қарым-қатынастың сәйкестігін көрсететін жалғыз критерий – екі жақтың ортақ мақұлдауы.

Отбасылық конфликттердің көбісі келесі жағдайлардың кесірінен туады: жұбайлар бір-бірінен жұбы беруге дайынды емес, басқаны күткен, яғни қарым-қатынастың басында олар қандай келешекті жасайтынын келісіп алмаған. Тек түйсіктің жетегінде кеткен. Егер адамды жөргектен білмесең, түйсік алдауы ықтимал. Сондықтан сүйген қызыңыз сізге не беруге дайын екенін, сізден не алғысы келетінін анықтап алыңыз. Соның бәрін өз тілегіңізбен салыстырып, ол сіздің тағдырыңыз ба, әлде алда тек сынақ күтіп тұр ма, біліп алыңыз. Мұндай ашық әңгіме – «саудаласу» емес, романтиктер мұны қабылдамайды. Бұл үйлесімді қарым-қатынас түзудің қарапайым қадамдары. Алла отбасылық бақытты сізге тостаққа салып, алдыңызға қоймайды. Бірақ ол сізге ақыл мен тіл берді, бақытты болуды алдын ала келісіп алыңыз.

2. Шешімді бірінші болып ұсыныңыз

Гендерлік мәселемен басы қатқан әйелдер олар үшін біреу шешім шығарғанда қатты қиналады. Олар шешім шығаруды тартып алады, «тік тұр» дегізіп қойып, бұйрық беруге кіріседі. Ары қарай ату жазасы да алыс емес. Бірақ мен ол туралы айтпаймын. Менің айтпағым, таңдау жасау керек жағдайларда әйелден бұрын тездетіп бір жағына шығу, өз ұсынысыңызды ұсыну дейтін пайдалы дағдыны сіңіру. Сіздің сөзіңіз талқыланбайды деген сөз емес. Бірақ әйелдер жайбасарларды ұнатпайды. Ұнатқан күнде де аналық инстинктпен ұнатады. Ерте ме, кеш пе, үнемі өзі шешім қабылдай беретін әйел бір күні шаршағандықтан бобслейден жаттықтырушының құшағына жылап құламасына кім кепіл?

Бұрыс диалог:

— Қымбаттым, бәлкім кешкі асты бір жерден ішерміз?

— Қайда барғың келіп тұр? Жиналыстан кейін шаршап тұрмын, қайда барсақ та бәрібір.

Дұрыс диалог:

— Қымбаттым, бәлкім кешкі асты бір жерден ішерміз?

— Барайық, жол бойынан жаңа эфиоптық мейрамхана көріп ем. Саған ұнайтын сияқты.

3. Ескертусіз жоқ боп кетпеңіз

Әрине, үнемі есеп беру еркін адамды кемсітетіндей болып көрінеді. Дегенмен, твиттерде үнемі есеп беріп отырасыз ғой. Бұл бір көнелен келе жатқан қарғыс сияқты нәрсе: әдеттегіден бір сағатқа кешіккенде, телефонды алмағанда, хаттарға ұзақ жауап бермесеңіз – тіпті суыққанды флегматик әйелдің өзі мазасызданып, сізді жылан жұтып жатқанын, жүк көлігі басып кеткенін, мас бастық өлтіріп қойғанын, қасыңыздан Вера Брежнева өтіп бара жатып, сізге ғашық боп, өзімен бірге алтын кадиллакқа отырғызып ала кеткендей көреді. Бұған қарсы дауа жоқ. Әйел уайымшыл жаратылыс. Бұл оның Құдай берген болмысы. Әрдайым қайда екеніңізді ескертіп жүріңіз. Кешігетініңізді, оффлайнға кететініңізді айта салыңыз.

4. Сынған дүниені жөндеңіз

Еркек үшін шеге қағу мен су құбырының қосылғышын ауыстыруы дастархан үстіндегі былғаныш көкөністен, қаны сорғалаған сүйек пен түсініксіз шөптерді дәмді кешкі асқа айналдыратын әйелдің толқуына ұқсайды. Механик-азаматқа бас игің келеді. Тіпті атаңыз бен әкеңіз гаражға апарып, балта, балға ұстауды үйретпесе де, интернеттен нұсқаулығын бір қарап алып, өзіңіз бірдеңе жөндегеніңіз - «мен білмеймін, анамның телефонын жазып қойған жөндеушісі бар еді ғой» деуден миллион есе артық.

Тұрмыстағы қарапайым дүниелерді өзің жасай білу әйелдің еріне құрметін оятады. Бұл қолдан келмесе, ең жақсы шешім – «менің үстелімнің суырмасынан ақша ал да, керек унитазға тапсырыс бер, өздері орнатып беріп кетсін, өзіңе де жаңа туфли алғың кеп жүр еді ғой».

5. Проактивті сезімталдық көрсетіңіз

Проактивті – реактивті дегеннің антонимі. Яғни, әсерленіп отыра бермей, бір қадам озық жүріп, алдын ала әрекет жасау. Еркектерге қарағанда әйелдің көңіл күй құбылғыш. Ер адам бір минуттан соң ұмытатын дүниеге әйел терең мән береді. Сондықтан сезімталдыққа мән беру керек. Бұл өте нәзік құрылғы, оған ауа райы, жарық, жаңалық, өсек-аяң, жалпы кез келген нәрсе әсер етеді деп ойлаңыз. Егер әйелдің мінезі күнделікті қалыбынан өзгерсе – мылжың үндемей қалса, жұмысбастысы ой түбіне сүңгісе, салмақтысы итті бір тепсе, пікір көшбасшысы ваннадан көзі қызарып шықса – сұраңыз, бәрі дұрыс па, ештеңе болмады ма, оның «мен үш айдан бері күйзеліп жүрмін, өліп қалсам да байқамайсың» деп бақырғанын күтпеңіз. Көңіл күйі өзі үшін қаншалықты маңызды болса, жұбына да соншалықты маңызды болуы әйелдің жан жүрегін жылытады. Бәлкім, оның көңіл күйі түскенде айтатын мынадай бейпіл әңгімесін де естімейтін боларсыз. «Мадоннаның жасы 55 екен, менің анам сияқты. Менің анам кәрі көрінеді. Мен де ерте қартаятын шығармын, сосын сен мені студент қыз үшін тастап кетесің», «Мен таза нақұрыспын, біздің бақытсыздығымызды осымен-ақ түсіндіруге болады».

6. Сынаңыз, бірақ ол сын сияқты көрінбесін

Егер сіздің маңыйыңызға аса саналы экземпляр бұйырмапты делік, алайда сіз оны бәрібір тастағыңыз келмейді, себебі оның оқтай аяғы мен лосьонының аңқыған жұпарына елітесіз, бірақ сүйіктіңіздің әдебін өзгерту үшін оны ренжітіп алмайтындай, ол да сізді сынамайтындай әрекетке көшіңіз. Кез келген күмәнді бастаманы алдымен мақтап алу керек. Сосын барып байқатпай кемшіліктерін (әрине, бастаманың, әйелдің емес) атап өтіңіз. Бұрыс мысал: «Сенің қисық-қыңырсушиің үшін бүкіл кеңсе мені күлкіге айналдырды. Содан есі дұрысына тапсырыс бердік. Сенікін делдалдың сушиіне ауыстырып қайтарып едік, байғұстың жүрегі ұстап қала жаздады». Дұрыс мысал: «Алма қосылған бөрегің өте дәмді бопты. Дымын қалдырмай жеп қойдым. Жо-жоқ, мен жақтырмағандықтан емес, аллергиядан күптей боп ісініп кеттім. Келесі жолы алмұртпен жасашы, мақұл ма? Сен сондай тәттісің».

7. Ерінсеңіз де көңіл бөліп тұрыңыз

Гүл сыйлауды ақша шығындау деп есептейсіз бе? Өзіңізді емес, оны ойлаңыз. Әйелдер тиын санайтын еркекті суқаны сүймейді. Тым құрыса аптасына бір рет түймедақ сыйлап тұрыңыз. Сіз ары кетсе жүз сомыңызды жұмсарсыз, ал ол мың есе қуанады. Себепсіз кішігірім сый жасап әдеттеніңіз. Уақыт өте келе оның сый алғанынан сіздің сый беруіңіздің ләззаты ұлғаяды. Көңіл бөлудің ішіне – есте сақтау не телефонға жазып алу – ол маңызды деп санайтын бүкіл датаны тізіп алыңыз. Танысқан күндеріңіз, алғашқы кездесу, бірге тұра бастаған, оған ұсыныс айтқан күн, үйлену тойы, балалардың туған күні, ата-анасының, өзінің туған күні, Ғашықтар күні дегендей. Әрдайым қол астыңызда бір лайықты сый болсын, тым құрымаса парфюмның сертификатын сақтап қойыңыз. Әтір де арзан емес қазіргі күні. Есесіне сый деген талай жүйке жүйесін аман алып қалады.

8. Оның сырт әлпетін мақтаңыз, өтіріктен болса да мақтай беріңіз

Біздің қоғамның стандарты бойынша, әйел көркем болуы тиіс деген ұстаным бар. Бұл барлық қыздың санасына сіңіп барады. Сіздің сыңарыңыз да сән дегенде мырс етіп күлсе де, әдемі көйлекке қарсы емес. Әрине, Сириядағы дағдарыстың жанында оның бүгін қиған жаңа шаш үлгісін, не шашын басқаша тарап жатқызғанын байқау қиын. Бірақ сіз тырысып көріңіз. Егер оның талғамы туабітті қарапайым болса, сіз оның бір-біріне ұқсас кардигандарын айыра алмай қала берсеңіз де, телефоныңызға «дәрумен ішу» деп белгі қойып, оған комплимент айтатын мезгілді өткізіп алмауды ойластырыңыз. Егер ол сізбен бірге адвокаттар жиынына а-ля кабаре стиліндегі тым қысқа белдемше киіп, тым ірі торлы колготкиден аяғы дорбадағы нан сияқты сүйкімсіз көрініп тұрса да, оған сын айтуға асықпаңыз. Бұрыс мысал: «Байқауымша, секс-шопқа барып келген сияқтысың?» Дұрыс мысал: «Охо, сен бүгін тым еркін сияқтысың, менің бүкіл әріптестерімді өзіңе қаратып, мені қызғаныштан іші күйсін дегің келіп тұр ма, не жаздым сонша? О, мұнда сенің әдемі қара көйлегің бар екен ғой, екеуміз биге барғанда киіп едің ғой, сол күні уақытты жақсы өткізіп ек, есіңде ме?»

Есте болсын: сырт әлпетіндегі кез келген өзгеріс – сізге ұнасам деген тілегі. Сондықтан кейде басына пакет кигізе салғыңыз кеп тұрса да, жалпыда мұның бәрі позитивке жатады. Сізге ұнағанын сезіну оның төсекте еркін болуына әсер етеді.

9. Ешқашан жасамайтын дүниелерді алдын ала келісіп алыңыз

Аздап 1 тармақпен үндеседі. Бірақ өзінің ерекшелігі бар. Көп дүниені ұсақ-түйек деп тіпті ескертуді ұмытамыз. Ал ол ұсақ-түйекке бола қалшылдап жүреді. Немесе керісінше. Сондықтан істемейтін заттарды қалай түсіндірсеңіз де: бала күнгі жарақат, аллергия, мен мұндайдан ызақор боп кетем, олай жасасам, өзімді бақытсыз сезінем, ішкі дауысым жасама дейді деп, әйтеуір келісіп алыңыз.

Мен ЕШҚАШАН сенің сөмкеңді ұстамаймын, сенің итіңді серуенге шығармаймын, сенімен киім алуға бармаймын, ата-аналарымызға арнап қонақасы бермеймін. Неге бұл туралы дер кезінде айтып, келісіп алу керек? Себебі, бір-екі рет сыпайылықтан келісіп, сосын бас тартсаңыз, сыңарыңыз мені сүймейді екен деп ой түйеді. Маған деген сезімі өтіп кетті, таусылды деп жылайды. Ал сіздің оны сүюіңіз – ең маңыздысы, ол үшін сіздердің қарым-қатынастарыңыздың бастапқы элементі, тұғыры, қазығы. Жалпы сіздің әйеліңіз бұл сезімге ешқашан күмән келтірмеуі тиіс.

Наталья Белоусова, психолог

Аударған Шынар Әбілдә

Өмірлік кеңес
Түзу жолмен жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу