Өмірлік кеңес
1. «Мен саған айттым ғой» деген адамнан бойыңды аулақ ұста...
2. Егер мүмкіндігіңді жіберіп алсаң, содан сабақ ал.
3. Бағыты жоқ кеме мен мақсаты жоқ адам ерте ме, кеш пе қайраңға шығып қалады.
4. Егер өміріңді қиындатқың келмесе, өз өмірін бүлдіріп алғандардан аулақ жүр.
5. Қолыңа түспеген затты алу үшін ешқашан істемеген нәрсені жасауға тура келеді.
6. Бос кезіңде пайдалы нәрсемен шұғылдансаң, уақыттан ұтылмайсың. Нәтижелі жұмыс толыққанды демалыссыз мүмкін емес. Ұлы тапқырлықтың бәрі тыныстаған сәтте санаға сарт етеді.
7. Уақытыңды аяла. «Жоқ» деп айтып үйрен. Пайдасыз іске «жоқ» дей алсаң, қайыры мол іске «иә» дей алатын сәт туады.
8. Нені көп ойласа, адам соған айналады.
9. Бүгін өмірімнің соңғы күні деп ойлаудың қажеті жоқ. Тек әр күнің бүгінгі баға жетпес байлығың екенін естен шығарма.
10. Өмірде қанша қателік жасап, сүрінгеніңіз, алға қарай қаншалық ақырын жүріп келе жатқаныңыз маңызды емес. Сіз бәрібір тәуекелге бел буа алмағандарды бір дәуір артқа қалдырып келесіз.
11. Сөздеріне қарасам, айналамдағының бәрі әулие сияқты, соларды көріп тіпті өмір сүруге ұялып жүрмін.
12. Әйел деген от. Қараусыз қалдыруға болмайды. Не өшіп қалады. Не бәрін өртейді.
13. Мен өте сыпайы, қарапайым қызбын... Ренжітсең – үндемей көміп, ың-шыңсыз тойлаймын.
14. Болашақ жарыңды әскерден, күйеуіңді соғыстан, бауырыңды оқудан, әкеңді жұмыстан, балаңды мектептен күту мақтаныш. Бірақ қаңғыбас жігітіңді кезекті қыдырыстан күту шарт емес. Қыздар, өздеріңді бағалаңдар!
15. Қолынан келгенде әйел күледі. Қолынан келмесе жылайды.
16. Неге ажырасқандардан себебін сұрайды да, үйленгендерден сұрамайды?
17. Көбіне адамдар сенің өміріңе зиянын тигізе алмағаны үшін иттің етінен бетер жек көріп кетеді.
18. Мен өте ұялшақ қызбын, сондықтан маған бірбеткей, ұғымтал жігіт керек.
19. Егер әйеліңіз көңіліңізге жақпай жүрсе, оған бақыт жетіспей жүрген ғой. Себебі, бақытты әйелді ұнатпау мүмкін емес.
20. Нағыз жігіт орындығын әйеліне ұсынады. Бірақ оның жанындағы орынды ешкімге бермейді.
21. Мен үшін жер бетіндегі жалғыз жан болуға мүмкіндігің болды. Оны уыстан шығардың. Енді басқалар сияқты кезекке тұр.
22. Әркімнің өмірінде сені жібермейтін, сен ұмытпайтын асқақ махаббат болады.
23. Қыздар үшін ең бақытты күн үйлену тойы болатын күн. Не киетінін алдын ала біледі!
24. Шынайы досқа көңіл қалмайды. Нағыз махаббат та реніш болмайды.
25. Қара киім киетіндер дегеніне жете алмай қалғаннан қара жамылған адамдарға ұқсайды.
26. Уақыт таяды. Шығатын сәт. Осы кезде қыз екенің есіңе түседі де, басымды жуып алайын дейсің.
27. Егер әйел сізге қарамаса, ол сізді көрмей тұр деген сөз емес.
28. Мен бай емес шығармын... бірақ мен ақшаға сатылмайтын құндылықтарға баймын!...
29. Неге мені өзімнен жасы кіші жігіттер көп ұнатады? Өйткені, мен мейірімдімін. Ал, бала деген сезгіш қой.
30. Әйел тек ерлер үшін жұмбақ. Ал, өзге әйелдер оны басынан бақайшығына дейін зерттеп алған.
31. Маған тағылар мінді аптасына бір-ақ рет қабылдаймын. Қабылдау күні – кеше!
32. Менің мінезім ұнамайтын адамдардың барлығына ескертемін: бұл мінез емес, иммунитет!
33. Әйелі бар адамның бәрі еркек емес, әйелін алақанына сала алған адам ғана нағыз еркек!
34. Мен – нәзік жанмын. Алғашқы қадамды азамат жасау керек деп білемін. Одан әрдайым батылдық пен әрекет күтемін. ХХI ғасырда да ең дұрыс қарым-қатынас: батыл, шешім қабылдай алатын жігіт пен сүйе білетін, адал қыз болып қалуы тиіс деп ойлаймын.
35. Жігіттің тәрбие деңгейі әйел затына деген ілтипатымен өлшенеді.
36. Соңғы кезде «Бір сағаттық күйеу» деген хабарландыруды көзім шалып қалып жүр. Менің қай жерім кем? «Бір сағаттық әйел» деп хабарландыру берсем бе екен?! Келем, кірін жуып, тамағын пісіріп, үйін жиып, қалауымша айғайлап, шаңын қағып, жалақысын тартып алып, өзін үйден қуып жібере алам... Қымбат емес!
37. Әйелдің басты даналығы дер кезінде «ақымақтық» функциясын қоса білуі.
38. Жігіттер ешқашан жыламайды. Бірақ көрінген қиындыққа қыңқылдай береді...
39. Өзің туралы сыр ашуға асықпа. Сен туралы әңгіме сен шығып кеткенде басталады. @Аль Пачино
40. Жаныңа үңіле білген жан бүкіл болмысыңды түсінеді. @Андрей Жадан
Афоризм кітабынан
Аударған Шынар Әбілдә