Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Саяхаттамаған, кітап оқымаған, музыка тыңдамаған адам ақырындап өле береді. Өзінің бойынан үйлесім таппаған адам да солай. Өзіне деген сеніміне күмәнданған, өзіне көмектесуге рұқсат етпейтін адамдар да ақырындап тірі өлікке айналмақ.
Шын махаббатын жолықтырғанда оны жоюға күш салып, әр күнін шағым айтудан жалықпай өткізетін, жолы болмағанын айтып күйзелетін, жаңбыр бітпеді деп күңіренетін адамдар да ақырындап өліп бара жатқаны.
Өз жоспарын орта жолда тастап кететін, жанын қинаған сұрақтарға жауап іздемейтін, білетіні туралы сұрақ қойғанда біліп тұрып жалтарған адам да ақырындап өліп бара жатқаны.
Әдеттің құлы болған, күн сайын бір маршруттан айнымайтын, бағытын өзгертпейтін, киімінің түсін өзгертуге қорқатын, бейтаныстармен тілдеспейтін адамдар да ақырындап өліп бара жатқаны.
Құмарлықтан қорқып, басын алып қашатын, күлудің орнына есінеп отыратындар, ненің болса да ақ пен қарасын ажыратуға тырыспайтындар, күліп өмір сүрудің орнына, жанары жарқылдап жүрудің орнына, жүрегін дүрсіл қақтыратын ғажаптан қашатындар, қате жасаудан үркіп, сезімінен безінетіндер де ақырындап өліп бара жатқаны...
Үстелді төңкеріп тастауға қорқатындар, тағдырдың тәлкегіне қарсы тұра алмайтындар, жұмыста не махаббатта бақытсыз болғандар, беймәлім келешек үшін тәуекелге бел буа алмайтындар, Арманы үшін күресе алмайтындар, өмірінде бір рет болса да ақылды кеңестерді тәрк ете алмайтындар да ақырындап өліп бара жатқаны...
Өлімнен қарыс қадам алыстап, ұзай берейік. Әрқашан тірі болу керегін есте ұстайық. Ол үшін ерліктің қажеті жоқ. Таза ауамен тыныстап, әрекет етсең болғаны. Қазіргі сәттен бақытыңды тап. Бүгінмен өмір сүр! Бүгін тәуекелге бел бу! Бүгін алғашқы қадам жаса!
Ақырындап өлуге асықпағын! Өзіңе бақытты болуға тыйым салма!
Марта Медейрос
Аударған @shinarabelda