Энергия алмасу принциптері
Адам бойындағы қуат үнемі қозғалыста болады. Адам болған соң әрдайым өзге адамдармен энергия алмасып тұруға мәжбүрміз. Бірде аламыз, бірде береміз...
Бұл заңдылықтың бірінші принципі - әр нәрсенің өз теңгерімі болуы тиіс.
*Бір жағынан шығын шықса, басқа жағынан олжа келеді.
*Біреуге бергеніңіз басқа жағынан екі есе боп қайтады.
*Егер жағымсыз ойға көп беріліп, өмірге шағымдана берсеңіз, соның бәрі алдыңыздан сөзіңіздің дәлелі ретінде жағымсыз оқиға боп шығады.
*Егер қазіргі таңда қолда барға алғыс айтсаңыз, Ғалам сіздің игілігіңізді еселей береді. Күш-қуатыңыз артып, қуаныш-жақсылығыңыз көбейеді.
Өмір көрсеткендей, бұл теңгерімді әркім орынды қолдана бермейді. Кей адам көп беріп, есесіне дым алмайды. Себебі, алуды білмейді. Басқа біреулер көп алып, аз береді.
Екінші принцип - ештеңені жайдан жай алмаңыз, тектен-тек бермеңіз.
*Егер бірдеңе алып, есесіне алғыс айтпасаңыз, ақшалай қайтарым жасамасаңыз, онда келешекте табысыңыз азайып, не шығынға ұшырайсыз.
*Егер қызмет көрсетсеңіз, күш-қуатыңызды сарп етіп, барыңызды салдыңыз делік, бірақ есесіне рақмет айтқысы келген адамға, "оқасы жоқ, түк керек емес" десеңіз, еңбегіңізді, болмысыңызды құнсыздандырған болып шығасыз.
Соның кесірінен көп дүниеден айырыласыз: денсаулық нашарлап, табыс азайып, құлазу пайда болады. "Жоқ" деумен өз-өзіңізді тонаған боласыз, Ғаламға "менің еңбегім бағалауға лайық емес" деген белгі бересіз. Бұлайша уақытыңыз бен есіл еңбегіңізді құнсыздандырмаңыз.
Аглая Датешидзе
Аударған @shinarabelda