Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Қарапайым көмірсулардан бас тартамыз
Сіз өз метаболизміңізді жылдамдатуды ұйғарсаңыз, қарапайым көмірсулардан (тәтті газ, джем, қант, пирог, шоколад, тәтті тоқаш, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан, картоп) толығымен бас тартуға тура келеді. Өйткені, адам ағзасына түскен қарапайым көмірсулар қандағы қант деңгейінің күрт артуына алып келіп, өте тез сіңіріледі. Осындай ауытқуларға жауап ретінде ұйқы безі қандағы қант деңгейін төмендету міндеті бар инсулин гормонын шығарады. Ол үшін ағза глюкозамен келіп түскен барлық жасушаларды тез тамақтандыруға тырысады, ал артығын май депосына сақтауға жібереді. Бұны болдырмас үшін қарапайым көмірсулардан бас тартыңыз.
Спорттық жүктемені арттырамыз
Ғалымдар үнемі спортпен шұғылданатын адамдарда тыныштық жағдайында да аз қозғалатын өмір салтын жүргізетіндерге қарағанда көбірек энергия бөлінетінін анықтады. Сондықтан спортшылардың негізгі зат алмасуы қарапайым адамдардыңкінен 40%-ға жоғары, тіпті ұйқы жағдайында да ол солай. Сол үшін де жаттығу залында екі сағаттық сабақ, таза ауада күнделікті жүгіру немесе қарапайым 40 минуттық жаттығу жасау қажет. Ең бастысы, үнемі спортпен айналысу.
Тамақтану режимін өзгертеміз
Тамақтану арасындағы ұзақ уақыттық үзілістер алмасу процесін айтарлықтай баяулатады, сондықтан диетологтар әрбір 2-3 сағат сайын, бірақ азырақ тамақтануға кеңес береді. Есте сақтаңыз: диета теңдестірілген болуы үшін негізгі өнім топтарының арақатынасын сақтау маңызды. Ақуыздар тәуліктік рационның 40%-ын, майлар – 20%-ын, ал көмірсулар – 40%-ын құрауы тиіс.
Кеш болса да, кешкі астан бас тартпаңыз
Сағат 6-дан кейін тамақтануға болмайды деген ереже тек 22:00-де ұйықтайтын адамдарға арналғанын білесіз бе? Егер сіз кейінірек ұйықтап жатсаңыз, онда ұйқыдан үш сағат бұрын жеуге тырысыңыз. Бұл жағдайда кешкі ас жеңіл тағам болуы керек (бір стақан айран, майсыз балықтың бөлігі, балғын жеміс немесе көкөніс). Егер ұйықтау алдында аштық сезінсеңіз, алма жеп немесе минералды су ішіп жатыңыз.