Анам өтірікші екен...

Oinet.kz 10-10-2019 5299

Сегіз жасар баланың анасы қайтыс болады. Әкесі жыл уағы өтер-өтпестен, қайта үйленді. Бір күні әкесі қызынан: «Балам, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен?» деп сұрайды.

Қыз: «Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен» деп жауап береді.
Әкесі қайран қалып: «Қалайша?» деп сұрайды.

Screenshot_20.jpgСонда қыз:
— Бұрын мен анамды ренжітсем, анам маған: «Сен мені өкпелете берсең, саған тамақ бермеймін!» дейтін. Мен сонда да оны ренжіте беретінмін. Ал, ол болса, мені ауылды шарлап іздеп жүріп, тауып әкеліп, тамақ жегізетін. Ал, қазіргі анамды ренжітсем: «Егер мені ренжітсең, тамақ бермеймін» дейді. Сөзінде тұрды. Екі күн бойы аш отырмын.
Бұрынғы анам: «Енді жылама, жыласаң, далаға шығарып жіберемін» дейтін, бірақ сонда да жылай беретінмін, ал ол болса мені ұрмай-соқпай бауырына басып: «Балам, жылама, қай жерің ауырады, кім тиісті?» деп уатып алатын. Қазіргі анам «жылама, жыласаң ұрам» дейді. Айтқанында тұрады, ұрады.
Бұрынғы анам үнемі өз ыдысындағы етті маған беретін де: «Сіз неге жемейсіз?» дегенімде, ол кісі: «Балам, мен етті жақсы көрмеймін» дейтін. Қазіргі анама: «Менің ыдысымда неге ет жоқ?» десем, «Көп сөйлемей, тамағыңды іш, барлық адам етті жақсы көреді, еттің бәрін сен жесең, біз не жейміз?» дейді, – деп жауап қатады.
— Әке, әсілі бұрынғы анам бәрін өтірік айтқан екен, ол да етті жақсы көретін сияқты ғой, иә?…

Садақаға берген екі күлше наныңбыз...
Ажал аузындағы махаббат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу