Жастарға үйлену той жасау үшін 3 миллион теңге сыйақы беру ұсынылды
Қазақстанда шаңырақ көтергелі жатқан жастарға үйлену тойын жасау үшін 3 миллион теңге беру ұсынылды. Танымал журналист, қоғам белсендісі Гүлжан Ерғалиева осындай ұсыныс тастады.Қазақстанда жастарға үйлену тойын жасау үшін 3 млн теңге беру ұсынылды. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі «Новый вестник» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Гүлжан Ерғалиева мемлекетке қазақстандық жастардың алғашқы үйлену тойының шығынын төлеп беруді ұсынды. Бұған қызын ұзату үшін банктен 3 миллион теңге несие алған отбасының оқиғасы себеп болыпты.
Журналистің айтуынша, қыздың әкесінің тұрақты жұмысы жоқ, ал анасы мектепте тазалықшы болып жұмыс істеп, 70 мың теңгеге жуық жалақы алады. Сондықтан олардың ай сайын банкке қомақты ақша төлейтін жағдайы жоқ. Алайда қыздарының ұзатылуы өте маңызды болғандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр.
Бұл ретте журналист 3 миллион теңге көмектің бірінші рет шаңырақ көтергелі жатқан жастарға ғана берілуі керек екенін айтты. Оның пікірінше, екінші рет үйленуге қаржы бөлудің қажеті жоқ.