Ресейде көп әйел алуды заңдастырмақ

Oinet.kz 26-09-2019 999

Сурет zakon.kz сайтынан алынды

Мәскеу Мүфтиі Ильдар Аляутдинов әлеуметтік мәселелерді шешу үшін көп әйел алуды заңдастырып жіберуді ұсынды, деп хабарлады OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы шейх Равиль Гайнутдин да елдің мұсылман аймақтарында көп әйел алуды заңдастыруды орынды деп санайтынын айтқан еді. Оның айтуынша, заңды полигамия "40 көңілдесіне барып, одан туған балаларына бас қатырмайтын" қазіргі еркектерді сабасына түсіреді.

«Мен көп әйел алуды заңдастыру қажет деп санаймын. Бұл дұрыс нәрсе, оған кейбір діндер, оның ішінде ислам діні де рұқсат береді», - дейді Аляутдинов.

Ильдар Аляутдинов Ресейдегі әйелдердің саны еркектерден асып түсетінін ескеруге шақырды 

«Росстат дерегінше, елдегі әйелден саны еркектерден 10 млн адамға артық. Сонымен қатар, Ресейде "ажырасқан, немесе жесір әйелдер проблемасы" көптеп кездеседі. Оның үстіне, Татарстан, Шешенстан, Дағыстан сияқты өңірлерде онсыз да үндемей жүріп көп әйел алып алған адамдар бар», - деді ол.

Бұл мәселені тек ислам заңдарын қатты білетін сарапшылар мен құзырлы органдардың бірлесе қарастыруы қажет екенін атап өтті.

«Көп әйел алуды заңдастыру – әйел құқығының сақталуына кепіл болады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, қазір әйелдер мүлдем қорғалмаған. Мұсылмандар Шариғатты ұстанатынына қарамастан, еліміздегі азаматтық-құқықтық қатынастар Ресей заңдарымен реттеледі. Сондықтан әйелдер толыққанды, тең құқылы екінші әйел бола алатындай етіп, заңнамалық деңгейде қорғау тетіктерін құру керек, бұл көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, зинақорлық азаяр еді», - деді Ильдар Аляутдинов.

Шенеуніктің үйінен 13 тонна алтын табылған
Көпбалалы отбасылардың үйіне газ және түтін әсерінен дабыл қағатын құрылғылар орнатылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу