Елордада 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Oinet.kz 24-09-2019 1068

Картинки по запросу 4 қабаттан құлап кетті

Ақмола облысында үйінде жалғыз қалған 5 жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды, OINET.KZ тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

24-ші қыркүйек күні сағат 11:30-да Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 5 жасар қыз баланың 4 қабаттан құлаған туралы телефон арқылы ақпарат түскен. Кейін анықталғандай, қыз бала үйде жалғыз болған және құлаған кезде кеуде тұсын жарақаттап алған.

«Ата-анасы баланың жарақат алуына оның психологиялық ерекшелігі әсер ететінін білуі тиіс. Сондықтан, баланы жалғыз қалдырмай, оған көңіл бөліп, қоршаған ортасын барынша қауіпсіз ету керек»,- дейді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор.

Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Ақмола облысының ПД қызметкерлері жыл сайын 10 мыңға жуық иллюстративті жадынама әзірлейді. Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша полиция қызметкерлері қоғамдық, демалыс орындары, қаланың орталық көшелеріне шығып, балаларымен жүрген ата-аналарға үлестіреді.

Семейлік тұрғындарға 25-26 қыркүйек күндері су ішуге қатаң түрде тыйым салынды
Лейкозға шалдыққан балалар елімізде тегін емделетін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу