Косметологтан зардап шеккен Шымкенттік келіншек бетін бүркеп жүруге мәжбүр
Шымкент қаласының тұрғыны Динара Тұрланбекова сән салонына бетін айнадай етіп әрлеуге барамын деп, аймаңдай боп жапа шегіп қалды. Косметологтың сапасыз жұмысының нәтижесінде Динараның қос бетінде үлкен әрі анық қара дақтар пайда болған, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі Дау-дамайсыз бағдарламасына сілтеме жасап.
«Бірнеше ай бұрын сол салонға барған едім. Инстаграмнан көрдім интернеттен, реклама жазған бетіңізді әрлеп керемет қыламыз деп. Ангелина Ким атты азаматша: «полный керемет болады», - деді.
Динара Тұрлыбекова ата-енесі үйде жоқта, күйеуі жұмыста кезде ойланып ақыры сән салонына қарай жол тартқан.
«Барып едім бетіме обезболивающие істеп тастады. Сезбей қалды ештеңе. Жарты сағат жаттым. Бетімді ұстап көрсем сезбейді. Елестетсем қорқам... Айнаға тұрып қарасам, қанды етті көрдім. Бетім дуылдай бастады. Дуылдап, дірілдеп ісініп кетті», - дейді келіншек.
Дәл жарнамадағыдай болады деп сенген Динара 50 мың теңгеліік қызметті 40 мыңға түсіріп, келіскен. Алайда нәтиже оң болмаған.
«Өзі сөйтсем, косметолог емес екен. Косметологқа апарды мені. Айнаға қарағым келмейді. Айнаға қарасам жылаймын»,- деп Динара Тұрланбекова көзіне жас алды.
Зардап шегуші Динара Тұрланбекова сұхбат беруінің басты себебін де айтып өтті.
«Менен кейінгі жас қыз-келіншектер, студент қыздар енесінен, мамаларынан жасырып баруы да мүмкін, күйеуінен тығылып баруы мүмкін. Әдемі боламын деп осылай опық жеп қалмасын», - дейді опық жеп қалған Динара Тұрланбекова.
Қазіргі таңда Динараның мәселесі шешілу үстінде. Дау-дамайсыз бағдарламасы арнайы сараптама жүргізген және зардап шегушіні облыстық ауруханаға тапсырды.