Қытайдағы тұтқындағы Ақжарқынның анасы Тоқаевқа хат жолдады

image.png

Қытайда өмір бойғы қамаққа алынған Ақжарқын Төлеубайдың анасы Зухра Сейтимова Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Ақжарқынның анасының айтуы бойынша ол қызы қамауға алынғалы 3 қыркүйекте Гуанчжоуда өткен сотта алғаш рет кездескен. Және қызымен кездесуі небәрі 15 минутқа созылған.

Ақжарқын өзін Есірткі контрабандасын тасымалдады деген соттың шешімімен әлі де келіспей келеді. Қазақстандықтың Қытай түрмесінде жатқанына ендігі 6 жыл толды. 2015 жылдың маусымында Ақжарқынды Гуандин соты өмір бойына қамауға алу жөнінде шешім шығарған болатын. Алайда, 2016 жылы үкім қайта қарауға жіберілген болатын.

Tengrinews.kz Ақжарқын Тұрлыбайдың анасының өтінішінің толық мәтінін жариялады.

"2014 жылдың наурыз айында менің қызым Ақжарқын Тұрлыбай, Қазақстан азаматшасы Қытайда есірткі заттарының контрабандасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

 Менің қызыма қатысты бес жыл бойы тергеу амалдары жүргізіліп, өмір бойына үкім шығарылды, содан кейін іс қайта жандандырылды. 

Қазақстандық және қытайлық адвокаттар өтеусіз негізде қорғаумен айналысуда. Республика СІМ де қатысуда. Бұл үшін мен оларға ризамын! 

Менің қызымның шет мемлекеттің аумағында оқшаулау жағдайында болуы, тілдік бөгет, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыптау сияқты факторлар бізге өте ауыр тиіп жатыр. 

2015 жылы ЦАРИКЦ менің қызым Ақжарқынды Нигерия тобының құрбаны деп ресми мойындады, қазіргі уақытта нағыз қылмыскерлер әлі табылмады. 

Алайда, ҚР ІІМ тиісті шаралар қабылдамай отыр, оның ішінде менің қызымның шетелдік лаңкестердің әрекетіне ілінгенін растамады. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабының 2-тармағына сәйкес Республика өз азаматтарының одан тыс жерлерде қорғалуына және қамқорлығына кепілдік береді. 

Құрметті Президент! Сіз, сіздің дипломатиялық және халықаралық қатынастар саласындағы бай тәжірибеңізді ескере отырып, сондай-ақ сіздің бұрынғы Қазақстан Сыртқы істер министрі лауазымын ескере отырып, жағдайдың барлық күрделілігін сіз басқалардан жақсы түсінесіз.

Осыған байланысты сізден сұйрайтыным, менің қызым Ақжарқын Тұрлыбайды отанына қайта оралуы үшін шаралар қолдансаңыз екен. Рахмет, Президент мырза!"

Естеріңізге сала кетейік, 20 жасар Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында есірткі контрабандасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Қыздың жолжүгінен есірткі табылған. Қыз тыйым салынған жүк туралы білмегенін айтады. Оның айтуынша, оны жай ғана беруді өтінген. Оның сөзіне қарағанда, бәзбіреулер сөмкені жай ғана тапсыруды өтінген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қарасу арнасы күл-қоқыстан тазартылды
  • Алматыда жеті азамат жарылыс ұйымдастырмақ болған
  • Сауд Арабиясы ханшайымы сотталды
  • Кезінде жарнамасы жер жарған Қайрат Нұртастың киім дүкені қазір қайда?
  • Балаға қол көтергені үшін балабақша тәрбиешісі айыппұл төлейтін болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика