Көршісін саусағымен атпақшы болғаны үшін жазаға тартылады
Оқиға осыдан бір жыл бұрын болған. 64 жасар Пенсильвания тұрғыны тыныш қана жұбайымен үйіне қайтып бара жатқан.
Жол жөнекей Стивен Киршнер өзіне және жұбайына ортаңғы саусағын шошайтқан өзінің онша келісе бермейтін көршісін көреді. Көршісінің дөрекі қылығына жауап ретінде Стивен көршісін қолын тапаншаша қысып, өтіріктін атады.
Алайда арада біраз уақыт өткен соң Стивен сотқа шақырту алады. Көршісі Стивеннің қылығын өміріне қауіп төндіртетін ескерту екенін айтып, сотқа шағымданған екен. Бір жылға созылған сот шешімі біздің кейіпкерімізді қоғамдық тәртіпті бұзды және қауіпті іс әрекет жасады деп айыптайды. Стивенге сот шығындарын төлеуге және 100 доллар айыппұл төлеуге тура келеді.