Блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасқалы жатыр

Oinet.kz 23-07-2026

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай күйеуімен ажырасқалы жатқанын мәлімдеді.

Screenshot_1.jpg

Блогер өміріндегі өзгерістер жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның сөзінше, ортақ баласы немесе дүние-мүлкі бар ерлі-зайыптыны АХАТ бөлімі емес, сот ажыратады.

“Ғайыптан тайып ажырасамын десеңіз, мен сияқты АХАТ-қа келіп әуре болып жүрмеңіздер. Егер ортада бала, ортақ дүние-мүлік болса, онда тек сот ажырастырады екен. Біліп жүріңдер”, – деді ол.

Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай өзіне ақыл айтып, жалған жанашырлық танытпауды сұрады.

“Өмір ғой, мұны да көрейік. Қоңырау шалып, жазып, өтірік жанашырлық танытпаңдар. Өз ақылым өзіме жетеді”, – деп жазды блогер.

Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты: Салтанат Нүкенованың ағасы тосын жайтқа пікір білдірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу