Сенат пен Мәжілістің соңғы аптасы өтіп жатыр
Мәжілістің таратылып, депутаттардың канимкулға кететініне бір апта ғана қалды. Келесі сәрсенбі 1 шілдеден бастап Сенат та, Мәжіліс те тарих қойнауына кетеді. Енді ол екеуі тек өткен шақта айтылады.

Соңғы аптада депутаттар белсенді бола бастады. Солардың бірі Мәжіліске Шымкенттен сайланған депутат Болатбек Нәжметидинұлы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қатысты бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаевқа сауал жолдады.
Соңғы жылдары мемлекет халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және жаңғыртуға қомақты қаражат жұмсады. Соның ішінде еліміздің ең ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі.
--Толық қоршалған, барлық қауіпсіздік талаптарына сай салынған төрт жолақты магистральдарда елді мекендер маңында бірнеше шақырым бойы жылдамдықтың 60 км/сағатқа дейін төмендетілуі көптеген сұрақтар туындатады. Азаматтардың пікірінше, дәл осындай учаскелерде жасанды түрде қауіпсіздікті сылтау етіп төмендетілген жылдамдық режимі, полицияның патрульдік қызметтердің бақылауы мен жылдамдық режимін қадағалау ерекше күшейтілген. Сонымен қатар тағы бір маңызды мәселе түсініксіз болып отыр. Егер бұл республикалық маңызы бар автомобиль жолдары болса, онда неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады? Мәселен, кейбір облыстарда дәл осындай санаттағы жолдарда рұқсат етілген жылдамдық 120-140 км/сағатқа дейін көтерілген. Ал Түркістан - Шымкент өңірлерінде техникалық сипаттамалары ұқсас жолдарда әлдеқайда төмен шектеулер белгіленген. Бір қызығы жолдың ақысының ставкасы бірдей,--дейді Болатбек Нәжметдинұлы.
Депута осыған байланысты аталған көлік дәлізіндегі жылдамдық режимдеріне кешенді ревизия жүргізуді сұранып отыр.


