Әкім сайлауы: сәтсіз сценарийден кім ұтты?

Oinet.kz 24-06-2026

Қазақстан аудан әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесінен бас тартты. Жуырда қабылданған заңнамалық өзгерістерге сәйкес, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері қайтадан бұрынғы тәртіппен тағайындалатын болды. Яғни облыс әкімі кандидатураны ұсынып, мәслихат келісім береді. Ал тікелей сайлау институты ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері деңгейінде ғана сақталады.

_gluster_2021_7_16_22d3ad77dffdad8f0a8af8c2847feb81_original.148991.jpgОсылайша бірнеше жыл бұрын үлкен саяси жаңалық ретінде ұсынылған аудан әкімдерін сайлау жобасы іс жүзінде сәтсіз аяқталды деуге болады. Аудан әкімдерін тікелей сайлау мәселесі алғаш рет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары аясында көтерілген еді. 2023 жылы пилоттық режимде бірнеше аудан мен облыстық маңызы бар қалада әкімдерді халықтың тікелей сайлауы өткізілді. Бастапқы жоспар бойынша бұл тәжірибе кемінде екі жыл сыналып, содан кейін ғана қорытынды шығарылуы тиіс болатын.

Алайда тәжірибе толық екі жылға да жеткен жоқ.

2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлау республиканың барлық өңірлеріне кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Бірақ арада көп уақыт өтпей-ақ бұл бастамаға қатысты күмән көбейді. Өткен жылы әкімдердің республикалық форумының қарсаңында бір топ Мәжіліс депутаты аудан әкімдерін сайлау тәжірибесін қайта қарау мәселесін көтерді. Олар қазіргі басқару жүйесінде аудан әкімдерінің мәртебесі мен өкілеттігі толыққанды сайланбалы лауазым форматына сәйкес келмейтінін айтты. Көп ұзамай Мемлекет басшысы да бұл мәселеге пікір білдіріп, аудан әкімдерін сайлау тәжірибесі тоқтатылатынын ашық мәлімдеді. Енді сол саяси шешім заң жүзінде рәсімделіп отыр.

Бұл тәжірибеден Қазақстан не ұтты?

Ең алдымен билік қоғамға маңызды сигнал берді. Яғни саяси реформалар қағаз жүзінде емес, нақты тәжірибе арқылы сыналуы мүмкін екенін көрсетті. Бұрын енгізілген бастамаларға өзгеріс енгізу немесе одан толық бас тарту саяси әлсіздік емес, нақты нәтижеге қарай әрекет ету ретінде түсіндірілді.

Ал, бұл жағдайдан кім ұтты?

Ең алдымен облыс әкімдері ұтты. Өйткені аудан әкімдерінің кадрлық тағдыры қайтадан олардың қолына өтті. Үкімет те ұтты деуге болады. Себебі жергілікті атқарушы билік вертикалі бұрынғыдан да біріздендірілді.

Ал енді бұдан ұтылған кім? 

«Әбдірахымов депутаттықтан дәмелі»
Сенат пен Мәжілістің соңғы аптасы өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу